gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әр сала бойынша статистикалық көрсеткіштер айтылып, талданды

26 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Әр сала бойынша статистикалық көрсеткіштер айтылып, талданды
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Кентау қаласының әкімдігінде Түркістан облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары Б.Балқыбеков және қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповтың төрағалықтарымен статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және осы бағыттағы заң талаптарын түсіндіру бойынша мемлекеттік мекеме басшыларының, ауыл әкімдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен кеңейтілген семинар өтті.

Онда облыстық статистика басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндамалар жасады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы статистикасының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру, өнеркәсіп статистикасының көрсеткіштерін қалыптасуы, құрылыс және инвестиция статистикасы, шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің қалыптасуы, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасын түсіндіру, Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік шаралар,ҚР ӘҚБтК 497 бап «Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу», 499 бап «Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу».

Семинардың басты мақсаты қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша сапалы ақпараттармен бөлісу және осы бағытта Заң талаптарын түсіндіру.

Кентау қаласы бойынша  жалпы халық саны 99 308 адам, қала аумағы 52,7 мың га  құрайды.Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Жалпы халықтың 37,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 5,9% құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. Өткен қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындар – 41,3 млрд.теңгеге өнімін өндіріп,өткен жылмен салыстырғанда 8,5 млрд. теңгеге артты. Ал, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі                                         11,8 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,3% құрады.Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 29,7 млрд.теңгені құрады.

Previous Post

Сарыағаш ауданында ауызсу қоймалары құрылысының сапасы тексерілді

Next Post

Келесте шалғайдағы қос ауылды жалғайтын жол жөнделіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz