gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудың келбетіне өзгеріс енгізетін жобалар қажет

26 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудың келбетіне өзгеріс енгізетін жобалар қажет
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен жиналыста қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары тыңдалды. Бөлім басшысы О.Тындыбаев атқарылып жатқан жұмыстармен және алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларды атап өтіп, кең көлемде мәлімет берді.

Бүгінгі таңда  Шұғыла мөлтек ауданының №6, №7, №8 көшелеріне инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. Жол салынып, сумен қамту, газбен жабдықтау, электр желілерін орнату істері атқарылуда. Сонымен қатар, Ш.Уалиханов көшесі №133 мекенжайдан 1500 орындық және Шұғыла мөлтек ауданындағы Әбілхайырхан көшесі №170 мекенжайдан 1500 орындық мектеп салу бойынша жұмыстар жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы аясында бюджеттік өтінім жолданған. Сондай-ақ, жаңадан бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Кентау қаласында 1800 га жерге егжей-тегжейлі жоспарлар әзірлеу, Қарнақ, Хантағы ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізу, қала аумағындағы абаттандыру жұмыстарына эскиздік жобалар жасау жұмыстары жоспарланып отыр» — деді, бөлім басшысы өз баяндамасында.

Қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлеріне қаладағы әрбір құрылыс нысандарын бақылауда ұстап, қала келбетіне өзгеріс енгізетін жобалар ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, қала әкімдігі аппараты мамандарының бақылау жүргізу барысында жасалған сын-ескертпелер бойынша да бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

Түркістанның «Жасыл белдеуі» ұлғайғанда экология жақсара түседі

Next Post

Биыл Мақтааралда 7 мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz