gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Мақтааралда 7 мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады

26 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Мақтааралда 7 мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында 69 (1 елді мекені шалғайда орналасқан) елді мекеннің  36-сы табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1 пайызын құрайды. (халык саны бойынша 68,5%). Былтыр Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының (қаржысы 1,9 млрд.тг.), «Мақтаарал»АГТС-ның құрылыстарына (қаржысы 1,3 млрд.тг.) және Иіржар ауыл округіне қарасты 9 елді мекенді, атап айтар болсақ, Дихан, Иіржар, Азат, Азамат, С.Рахимов, Мақтажан, Шапағат, Наурыз, Алаш елді мекенді (1720 отбасы, 10658 халық) (қаржысы   1,4 млрд.тг.) газдандыру жұмыстарына бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаралып, толық игерілді. Нысан құрылыстары биылғы жылға өтпелі болған. Қазір мұнда жоспарланған жұмыстар аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаралып, Мырзакент кентіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйлерге газ жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 55,9 млн. теңге. Оның құрылыс жұмыстарын аяқтауға қажетті  18,9 млн. теңгесі 2023 жылға қаралған.

Мақтаарал ауданы бойынша 7 мектептің жылыту жүйелерін, атап айтар болсақ Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта, Үлгілі жалпы орта, Мәдениет жалпы орта, Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта, Әл-Фараби атындағы жалпы орта,  Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 мектептерді  табиғи газға қосу үшін «ҚазТрансГаз аймақ» ЖШС-дан техникалық шарт (Тех.условия) берілген.Аталған мектептердің қазандықтарын газға қосу үшін  жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, бұл нысандарға биыл жыл соңына дейін «көгілдір отын» жеткізу жоспарлануда.

Одан бөлек, Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Алаш, Наурыз, Азамат, Диқан, С.Рахимов, Шапағат, Азат, Иіржар, Мақтажан елді мекендерінің ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1 млрд 182 млн. теңге қаржы қаралып, 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 404 млн. теңге.

Дихан елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 638,1 млн.теңге бөлінген. Нысан 2023 ж. өтпелі. Құрылыс жұмыстарын «JANA KZ QURYLYS» ЖШС-і жүргізуде. Наурыз елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 92,7 млн.тг. бөлінген. Нысан 2023 ж. өтпелі. Мердігер «Нұр-Аман» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтайтын болады. Алаш елді мекеніндені құрылыс жұмыстарына 155,8 млн.тг. қарастырылған. Нысан 2023 ж. өтпелі. Құрылыс жұмыстарын «Сартобе» ЖШС-і жүргізуде. Иіржар елді мекенінденгі құрылыс жұмыстарына қазынадан 154,5 млн.тг. бөлінген. Нысан 2023 ж. өтпелі. Құрылыс жұмыстарын «Сартобе» ЖШС-і жүргізуде. Мақтажан елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 158,7 млн.тг. бөлінген. Нысан 2023 ж. өтпелі. Құрылыс жұмыстарын «Сартобе» ЖШС-і жүргізуде. Азат елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 23,7 млн. тг. бөлінген. Құрылыс жұмыстары былтыр аяқталды. Мердігер мекеме – «Шалхар Бастау» ЖШС.Шапағат елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 26,7 млн. тг. бөлінді. Нысан былтыр ел игілігіне тапсырылды. Мердігер мекеме — «Шалхар Бастау» ЖШС.С.Рахимов елді мекеніндені құрылыс жұмыстарына 29,9 млн. тг. қарастырылды. Нысан былтыр пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «Шалхар Бастау» ЖШС.Азамат елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарына 123,6 млн.тг. бөлінді. Нысан былтыр мерзімінде пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «Таймас Company» ЖШС.

Ал, Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі жалпы 12 елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының құрылысы 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы құны  1 млрд 972 млн. теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстарын аяқтауға қажетті 394,3 млн. теңге 2023 жылға қаралған. Қазір мұнда тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, қолданыстағы АГТС-ның (автоматты газ тарату станциясы) қуаттылығын толығымен пайдаланылуына байланысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мы тарапынан газ жүйелеріне қосылуға «мораторий» жарияланып, техникалық шарт беру тоқтатылған. Осыған орай қосымша қуаттылығы 50 мың м3/сағ. құрайтын «Мақтаарал» АГТС салу жұмыстары 2021 жылдан бастап жүргізілуде.  Жалпы құны 1 млрд 325 млн. теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстарын аяқтауға қажетті 161,8 млн.теңге 2023 жылға қаралған.

Қалған газдандырылмаған 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына және Мақтарал а/о жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ-тарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаржысы 194,1 млн. теңге. Оның ішінде 2022 жылы 10 жобаның сараптама қорытындысы алынса, қалған 13-де жобалау жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

2022 жылға аудандық бюджеттен 37,0 млн. теңге, 2023 жылға  18,9 млн. теңгесі қаралып, Мырзакент кентіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйлерге газ жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Оның құны 55,9 млн. теңге.Сондай-ақ, Төрткөл елді мекеніндегі 12 коммуналдық үйлерге газ беру жұмыстары жоспарланған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған.Ал, биыл 516 елді мекенді (62%) табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген.

Реті келгенде тоқтала кетейік, өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Яғни шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданды.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады. Мәселен, 2023 жылы газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.

Previous Post

Кентаудың келбетіне өзгеріс енгізетін жобалар қажет

Next Post

Сайрам ауданында Солтүстікке қоныс аудару бойынша тұрғындармен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz