gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында Солтүстікке қоныс аудару бойынша тұрғындармен кездесу өтті

26 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында Солтүстікке қоныс аудару бойынша тұрғындармен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен солтүстікке қоныс аудару бойынша кездесу өтті.
Жиынға «Отандастар қорының» сарапшысы Мыңбай Әлфараби, «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов қатысты.
Кездесуге келген азаматтар қоныс аударушыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектер жайында толық ақпараттарға қанық болды.
Делегация өкілдерінің айтуынша, вакансиялар қатары өзгеріске ұшырап отырғанымен, денсаулық, білім, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, көлік салалары бойынша мамандар тапшы. Ішкі көші-қонды реттеуге көпбалалы отбасылар үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Осы орайда, Нұржан Нұрашов көрсетілетін әлеуметтік төлемақы туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, көшіп барған отбасы мүшелерімен бес жылға келісім-шартқа отырады. Әлеуметтік бір реттік төленетін қаражат пен тұрғын үй алған отбасы сол облыста тұруы керек. Әр отбасы мүшесіне 241 000 теңге төлемақы беріліп, ал тұрғын үйге 4 млн теңгеге дейін қаражат беріледі.
Сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша «Отандастар қорының» сарапшысы Мыңбай Әлфараби маңызды ақпаратпен мәлімдеді. Ол өз сөзінде мектеп түлектерін теріскейдегі университеттерге оқуға түсіруге шақырды.
Бұдан бөлек, «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов мал бордақылаумен айналысып жүрген азаматтарды үйренген ісімен сол жақта жалғастыруға шақырды.
Айта кетсек, Қарабұлақ ауылында 55 мыңнан аса халық тұрады.
Еске сала кетсек, сәуір айының 19-21 күндері Түркістан облысында «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өткен болатын. Жәрмеңке барысында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан келген 76 маман оңтүстік өңіріне қарасты Сарыағаш, Келес, Сайрам, Ордабасы аудандарын аралады. Аталған жәрмеңкеде 4 өңір бойынша барлығы 3934 бос орын ұсынылған-ды.
Previous Post

Биыл Мақтааралда 7 мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады

Next Post

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz