Кентау қаласының әкімдігінде статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және осы бағыттағы заң талаптарын түсіндіру бойынша кеңейтілген семинар өтті.
Жиынға Түркістан облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары Б.Балқыбеков және қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов және мемлекеттік мекеме басшылары мен ауыл әкімдері және қала тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық статистика басқармасының басшылары өз салалары бойынша баяндамалар жасады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы статистикасының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру, өнеркәсіп статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру, құрылыс және инвестиция статистикасы, шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің қалыптасуы, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасын түсіндіру, Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік шаралар, ҚР ӘҚБтК 497 бап «Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу», 499 бап «Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу» бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



