gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданындағы мектептер күрделі жөндеуден өтіп жатыр

29 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданындағы мектептер күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданында жыл өткен сайын тозығы жеткен білім ошақтары жөндеуден өткізіліп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалып жатыр.
Биыл аудандағы Біртілек ауылдық округіндегі №11 Жолбасшы және Қошқарата ауылдық округіндегі №28 Мақташы мектептерінде жөндеу жұмыстары қарқынды.
«Ауданда жалпы 65 мектеп болса, соның екеуі — жеке меншік білім беру ұйымы. Қалған мектептер — мемлекеттік. Жыл сайын бөлім тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргіземіз, жөндеуді қажет ететін мектептерге сұраныс береміз. Нәтижесінде биыл екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, екі мектептің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасып жатыр», — дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев.
Сонымен қатар, ауданда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты ауылдық округі, Ошақты елдімекеніндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елдімекеніндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Қос мектепті жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланған.
Previous Post

Түркістанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Next Post

Бәйдібекте 1445 тұрғын үй сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz