gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Балық демалыс орталығы» іске қосылды

30 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Балық демалыс орталығы» іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Соның бір дәлелі ретінде кентаулық кәсіпкердің іске қосқан демалыс орнын айтуға болады.

Толығырақ айта кетейік, жақында Кентау қаласы Қарнақ ауылында «Балық демалыс орталығы» іске қосылды. Кәсіпкер Құрбан Казиханов 2015 жылдан бері бұл кәсіп түрін қолға алған. Алғашқы да  кішігірім жасанды көл жасап, оған тұқым шашып, өнімін алады. Кәсіптің берекесін сезінген ол, ұлғайтуды қолға алып, есік алдын кеңейте бастайды.

— Балық шаруашылығын бір сиыр бұзауымен сатып, сол ақшаға 25 кг тұқым алып, кәсіптің көзін бастағанмын. Бүгінде міне, кәсібім кеңге өрбіп, отбасылық ісімізге айналды, — дейді кәсіпкер.

Бүгін де шаруашылығының маңайын демалыс орталыққа айналдырып, ел тынығатын аймаққа жеткізуді мақсат етуде. Бұл аймақтан төрт түрлі балықты кез-келген демалушы өзі аулап, аулаған балығын сол жерде дайындатып, тамақтана алады. Тіпті, отбасымен барғандарға арнайы орындар мен шомылуға арналған бассейін орнатуда.

15 мыңнан аса тұрғыны бар Қарнақ ауылында бұл демалыс аймаққа қәзірдің өзінде келушілер көп. Кәсіпкер онға жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуда. Алдағы уақытта мемлекеттен несие алып, кәсібін жаңа қажеттіліктермен толықтыруды жоспарлап отыр.

Кентауда бүгінде осындай кәсіпке бет бұраушылар қатары көбейген. Сала мамандарының мәлімдеуінше, облыста кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 130,9 млрд. теңге). «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрі тегін көрсетілді.Кентауда бүгінде осындай кәсіпке бет бұраушылар қатары көбейген. Осы орайда бұған көп балалы аналарға беріліп отырған атаулы әлеуметтік көмектің де тигізіп жатқан пайдасы көп екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, халық мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашуға болатынын түсінді. Бұрындары қаражаты болмай, қабілетін кәсіпке айналдыра алмай жүргендердің қатары қалың болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тауып келеді. Бизнес саласына қадам басып, өзін де өзгені де жұмыспен қамтып жатқандарды жиі көретін болдық. Бұл әрине бізді қуантады.

Previous Post

Ауылдарға әлеуметтік нысандар салғанда ел сұранысы ескеріледі

Next Post

Төтеншеліктер тұрғындарды суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz