gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төтеншеліктер тұрғындарды суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырды

30 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төтеншеліктер тұрғындарды суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter
Өңірімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында аудан, қала әкімдіктерімен және құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Қанат Карабалаев айтты.
Жауапты сала өкілінің айтуынша, жыл басынан бері, яғни, шомылу маусымы әлі ашылмағандығына қарамастан, өңірде 20 адамның суға кету фактісі тіркелді. Өкінішке қарай, олардың 80% шомылуға рұқсат етілмеген және қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген жерлерде орын алған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың 5 айында 17 суға кету фактісі тіркелген.
Брифинг барысында спикер халықты рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда шомылуға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
– Жыл басынан бері өңірде суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 58 билборд, баннер және суға түсуге қауіпті, тыйым салынған орындарда 256 белгі орнатылды. Сондай-ақ жадынама, плакаттардың 23 түрі әзірленіп, 19 670 дана шығарылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық ерікті тартылды. Бұдан бөлек, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде насихат жұмыстары жүргізілді. 88 рет мешіттерде және 12 110 адамның қатысуымен 164 халықпен кездесу өткізілді. Аудан және қала аумағында орналасқан ЛЭД экрандарда судағы қауіпсіздік бойынша бейнеролик көрсетіліп жатыр. Суға түсуге тыйым салынған өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 13 540 тұрғын үйге аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құзырлы органдармен 545 рейд ұйымдастырылып, 1706 қызметкер тартылып, 28 620 жадынама таратылды, — деді Қанат Мәлікайдарұлы.
Брифингте белгілі болғандай, бүгінгі таңда, Түркістан облысы ТЖД-ның кәсіби суда құтқару жасақтары Ордабасы мен Шардара аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, қосымша жылжымалы құтқару бекеттері ірі су айдындарында кезекшілік жүргізеді. Әкімдіктерінің қолдауымен 43 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданып, су айдындарындағы демалыс орындарының иелерімен 4 қоғамдық құтқарушы жасақшы даярлықтан өткізілді.
Ал, арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ аудандарда 43 модульді-каркасты бассейін сатып алынды. Бүгінде елдімекендердің ішінде орналастырылып, балалардың тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалды. Облыс аумағында 33 жекеменшік бассейні бар кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын ақысыз суға шомылдыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, департамент пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, «Судағы қауіпсіздік ережелері» бойынша ашық сабақтар өткізіліп, арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылды. Сондай-ақ, барлық ұйымдардың әлеуметтік желілеріне және ата-аналардың және оқушылардың WhatsApp топтарына орын алып жатқан қайғылы жағдайлар, ақпараттық сипаттағы жадынамалар, бейнероликтер, кеңінен таратылып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 2 арнайы коммуналдық жағажай жұмыс істеді. Олар — Сауран ауданында Шаға көлінде және Арыс қаласында Арыс өзенінің бойында. Биыл Шаға көлі 10 маусымнан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.
Previous Post

Кентауда «Балық демалыс орталығы» іске қосылды

Next Post

Төлеби ауданында қарқынды бау аумағы 425 гектарға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz