gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайлық түлектер спорт кешенін салып берді

31 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайлық түлектер спорт кешенін салып берді
Share on FacebookShare on Twitter
Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінде мектеп түлектері ауыл жұртшылығына спорт кешенін сыйға тартты.
Бұған дейін ауылда қазіргі заман талабына сай спорт кешіні болмаған.
Оңалбек Тастанбекұлы атындағы әмбебап спорт кешенінің ашылу салтанатына округ әкімі Мейрамбек Абдумажитов пен аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабаев, ауыл ақсақалдары мен №34 А.П.Чехов жалпы орта мектебінің әр жылғы түлектері, Оңалбек Тастанбекұлының туған-туыстары қатысты.
— Бұқаралық спортты дамыту, насихаттау және өскелең ұрпақты спортқа тәрбиелеу мақсатында сыйға тартқан спорт кешенінде жаттыққан қара домалақ ұлдарымыздың арасынан танымал спортшылар мен атақты азаматтар шыға берсін! Бұған дейін де ауылымыздағы мектеп түлектері ақсақалдармен келісіп, медіресе салып берген болатын.
Мұндай игі іс – ауыл азаматтары арасында жақсылық жасау эстафетасы ретінде дәстүрлі түрде жалғасып келеді, — деді М. Абдумажитов.
Кәсіпкер Сержан Тастанбековтың игі бастамасымен бой көтерген ғимаратқа демеушілік жасаған мектеп түлектеріне ризашылығын білдірген ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.
Айта кетейік, заманауи ғимаратта ауыл балалары енді спорттың күрес, бокс, ауыр атлетика және қол күресі сынды түрлерімен жаттығуларына мүмкіндік жасалып отыр. Ауыл көркіне сән берген спорттық кешенде үлкен-кіші барлық ауыл тұрғындары бірдей дене тәрбиесі және спортпен тегін айналыса алады.
Previous Post

Ордабасы ауданында биыл 84,3 шақырымды құрайтын жол пайдалануға беріледі

Next Post

Түркістан облысында кәсіпкерлерді қолдау және құқығын қорғау шаралары күшейтіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz