gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында биыл 84,3 шақырымды құрайтын жол пайдалануға беріледі

31 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында биыл 84,3 шақырымды құрайтын жол пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында елді мекендердегі жаңа құрылған мөлтекаудандарды инфрақұрылыммен қамту мақсатында бюджеттен 2022 жылы жалпы 222 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл бойынша жоспарланған жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 2 069 тұрғын үй мен жер учаскі иелері толықтай инфрақұрылыммен қамтылатын болады.

Айта кетейік, аудан көлемінде жалпы автомобиль жолының ұзындығы 1 398,4 шақырымды құрайды. Оның73,3 шақырымы республикалық маңызы бар (100% қанағатты), 242,8 шақырымы облыстық маңызы бар (100% қанағатты), 93,6 шақырымы аудандық маңызы бар (66,3 шқ 70,8% қанағатты, 27,3 шқ 29,2% қанағатсыз) жол болып табылады.

«2022 жылға 2021 жылдан өтпелі 2,2 млрд. теңгеге 64,7 шақырымды құрайтын 3 облыстық маңызы бар жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, қанағатты жағдайы 100 пайыз%», — дейді сала мамандары.

Ағымдағы жылы 1,3 млрд. теңгеге 32,3 шақырымды құрайтын 8 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен қанағатты жағдайы 71,5 пайызға жетеді.        Елді мекендердегі 680 ішкі көшелер — 988,7 шақырымды құрайды. Оның 291 көшесі 446,8 шақырымы асфальтталған (45,1%), 107 көшесі 172,9 шақырымына шағал тас (17,5%) төселген, 282 көшесі 369,1 шақырымы топырақ жол (37,4%) болып табылады.Ағымдағы жылы жалпы 84,3 шақырымды құрайтын жол пайдалануға беріледі. Оның ішінде32 көшенің 62 шақырымын орташа жөндеуден өткзуге 1 млрд. 446 млн. теңгеге бөлінді. Нәтижесінде аудандағы ішкі көшелердің асфальтпен төселгені 514,7 шақырымды құрап, 52 пайыз жететін болады.

Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жалпы 32 көшенің  қазіргі таңда 14 көшесі аяқталды. 30 жобаға, 64,4 шақырым топырақ жолдарға 230,5 млн. теңгеге тас төселеді. Нәтижесінде топырақ жолдар 304,7 шақырымға төмендейтін болады

2023 жылы 1 млн. 747 мың теңгеге 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жыл соңына дейін 79,4 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, жолдардың қанағатты жағдайы 594,1 шақырымды немесе 60 пайызды құрайтын болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда жергілікті бюджет есебенін субсидиялауға 41,3 млн. теңге қарастырылып, 9 бағыт бойынша қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы қазан айынан бастап қосымша 4 бағыт іске қосылды. 2023 жылы осы бағытта 68,9 млн. теңге жұмсалады.Аудан бойынша ирригациялық арық орналасқан көшелер саны            23, жалпы 38,3 шақырым құрайды. 2022-2023 жылдарға жоба құны 216,2 млн. теңгені құрайтын Темірлан ауылындағы жалпы ұзындығы 9 шақырым 15 ішкі көшелерге ирригациялық жүйе құрылысы басталды.

Реті келгенде бұған да тоқтала кетейік, аудан бойынша жалпы 680 көшелердің 140 көшесіне жарықтандыру құралдары орнатылған, көрсеткіш 20,5 пайыз.      Оның ішінде 2022 жылы 29 көшеге жарықтандыру құралдары  орнатылды. Бұйыртса, биыл 9 көшені жарықтындару жоспарланып, жарықтандырумен қамтылған көшелер саны 149 ға жетіп, көрсеткіш 21,9 пайызды құрайтын болады.

Жалпы Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

Дәл қазіргі таңда өңірімізде жол жөндеу жұмыстары қарқын түрде жүргізілуде. Айталық, Кентау қаласы мен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аралығында салынып жатқан жол аяқталуға жақын қалды. Кенді шаһардан облыс орталығына барар жол 26 шақырымды құрайды. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Айналма жол биыл пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Кентау қаласында бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Previous Post

Биыл Арыс қаласының газбен қамтылу көрсеткіші 40,9 пайызға жеткізіледі

Next Post

Жетісайлық түлектер спорт кешенін салып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz