gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда бидай егу жандана бастады

2 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарда бидай егу жандана бастады
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкім Сәкен Сұлтанханов айтты.
Соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің төмендігінен Отырар ауданында ағын су жетіспеушілігі орын алып жатыр.
Ауданға қарасты Қарғалы ауыл округіндегі дихандардың қауын, жүгері, жоңыршқа алқаптары ағын судан тапшылық көрді.
Осы жағдайларды ескере отырып, Отырар ауданының әкімдігі суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынды.
– Биыл отырарлық дихандар жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 га алқапқа түрен салып, күзгі бидай еккен болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған дихандар алдағы 1 ай көлемінде егінді толық жинап бітіреді, — деді Сәкен Асылханұлы.
Айта кетейік, тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің дихандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.
Previous Post

Келесте каналдар механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр

Next Post

Кентауда 857 түлек мектеп бітірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz