gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулықтар Алаш арыстарын еске алды

31 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулықтар Алаш арыстарын еске алды
Share on FacebookShare on Twitter

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Кентауда кең көлемде аталып өтті. Алаштың арысы атанған Сұлтанбек Қожановтың ескерткіші жанына жиналған көпшілік әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараға С.Қожановтың туыстары, қалалық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен қала жастары қатысты.
«Тәуелсіз қазақ елінің жарқын болашағы үшін құрбан болған ата-бабаларымыздың әруағы мен өршіл рухына бүгінгі ұрпақ атынан бас иіп, тағзым етеміз» — деді қала басшысы Жандос Тасов.
Ал, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов 31 мамыр күнінің маңызы жайында айтты.
«Аға буынның тәлкекке толы тағдыры біздің жадымызда мәңгілікке сақталады. Бұл біз үшін аса маңызды тарихи сабақ және біз оны әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз» — деді ол.
Іс-шараға Алаштың арысы С.Қожановтың туыстары да қатысты. Атасымен аттас, немере інісі Сұлтанбек Қожанов әкесі мен атасы жайында естеліктерін айтты.
Көпшілік Сталиндік саясаттың құрбаны болған арыстарды еске алып, рухтарына құран бағыштады. Сондай-ақ, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Previous Post

Ордабасы ауданында медициналық нысан ашылды

Next Post

Биыл Арыс қаласының газбен қамтылу көрсеткіші 40,9 пайызға жеткізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz