gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Менің Туым — менің Отаным!» атты жүгіру марафоны өтті

4 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Менің Туым — менің Отаным!» атты жүгіру марафоны өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің туым – менің Отаным!» атты бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы және Түркістан қаласының әкімдігі ұйымдастырған марафонға 500-ге жуық тұрғын қатысты. Сонымен қатар еліміздің Атырау, Ақтау секілді қалаларынан келген қонақтар да өз бақтарын сынады.
Президент Қасым — Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және халықты спортпен шұғылдануға көптеп шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытында ұйымдастырылған шара Б.Саттарханов даңғылы бойында орналасқан тікұшақ алаңынан Рәміздер алаңына дейін жалғасты. Азаматтар марафон аясында 2,4 шақырымды жүгіріп өтіп, үш жас ерекшелігі бойынша үздіктер анықталды.
10-13 жас аралығында Рустам Суннатиллаев мәре сызығын бірінші кессе, екінші болып Диярбек Хусанов келді. Ал Азамат Анафия үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар 23-27 жас аралығында бірінші орынды Бақкелді Саулебайұлы иеленсе, Шақижахан Юлдашев екінші орынға шықты. Үшінші орын Нұрбақыт Қамбарбекке бұйырды. Сондай-ақ 38 жастан асқан марафоншылар арасында Серік Исмаил бірінші орыннан көрінсе, Марат Нұрмахан мәре сызығына екінші болып жетті. Ал Алмас Рустем үшінші орынды олжалады. Спорттық шарада ең жас марафоншы 7 жастағы Алан Абибулла мен белсенді қатысқан азаматтар да марапат иегері атанды.
Арнайы өткізілген жүгіру марафонының жеңімпаздарын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев салтанатты түрде марапаттады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, қасіретті жылдарда, аумалы-төкпелі замандарда ел егемендігі, жер тұтастығы үшін басын бәйгеге тіккен ұлтымыздың небір асыл азаматтары осы күнді көрмей кетті. Сондықтан, бұл күнді құрметтеу, тәуелсіз ел екенімізді айқындап тұрған рәміздерімізді қадірлеу – әр отандасымыздың қастерлі парызы екендігін атап өтті.
Марафон соңы ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қорытынды іс-шараға ұласты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы көтерілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Бұл күні Түркістан қаласында және аудан, қалаларда велошерулер, автошерулер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Көк туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы, Әнұранды тебірене шырқады. Қолдарына Көк Туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өтті.
Previous Post

Кентауда "Аналар кеңесінің" отырысы өтті

Next Post

Рәміздер күні: Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz