gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Аналар кеңесінің» отырысы өтті

3 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Аналар кеңесінің» отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мәжіліс залында Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің биылғы жылғы ІІ-тоқсандық отырысы өтті. Жиынды аталмыш кеңес төрайымының орынбасары Роза Аяпбергенова ашып беріп, жүргізді.

Жиынға жиналғандар алдымен қалалық полиция бөлімі мамандарының отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есебін тыңдады.Мұнан кейін аналар кеңесінің мүшелері сала мамандарымен бірлесе отырып, елді мекендерде отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған балалары бар әйелдерді қабылдауды ұйымдастыру жөнінде талқылады. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгінде Кентауда 99 308 адам тұрады. Қала аумағы 52,7 мың гектарды құрайды. Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Жалпы халықтың 37,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастар жұмыссыздығы 5,9 пайызды құрады. Аз қамтылған 1797 отбасы, 9427 адамға 876,5 млн. теңге (АӘК) көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 229 адам жұмыспен қамтылды.

Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 19 қыркүйек 2022 жылы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылып, 2023 жылдың наурыз айынан бастап қызмет көрсетуде.

Previous Post

Кентаулық өрендер бас жүлдені иеленді

Next Post

Түркістанда «Менің Туым — менің Отаным!» атты жүгіру марафоны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz