gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Төлеби ауданының тұрғындары ауыз сумен 100 пайыз қамтылады

4 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Төлеби ауданының тұрғындары ауыз сумен 100 пайыз қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың мәлімдеуінше, аудандағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалық сметалық құжат әзірленіп,  қаржыландыру үшін тиісті салалық  басқармаға құжаттары  ұсынылды. Бұйыртса, биыл бұл жылы мәселе шешімін тапса, аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылатын болады.

Қазіргі таңда аудан орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Реті келгенде айта кетейік, Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында «3-Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылысын жүргізу  қолға алынды. Жоба құны  2,6 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде мұнда да құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы облыстағы 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш 86,5 пайызды құрайды. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 14 нысанда жүргізілетін құрылыс жұмыстары келер жылы тәмамдалады. Нәтижесінде,  су құбыры жоқ 17 елді мекен тұрғындары тіршілік нәріне қол жеткізбек. Олардың біреуі – Бәйдібек, алтауы –Сарыағаш, төртеуі – Келес, біреуі – Қазығұрт, төртеуі – Ордабасы, біреуі – Отырар ауданында орналасқан. Сонымен қатар 11 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылады. Олардың екеуі Бәйдібек, біреуі Қазығұрт, төртеуі Төлеби, біреуі Мақтаарал, біреуі Ордабасы, екеуі Түлкібас ауданында орналасқан.

Жалпы биылдан бастап өңірімізде елді мекендердің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады. Айталық, қазір өңірімізде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Биыл жалпы құны 51,5 млрд. теңгеге 66 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 18 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 7, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар –1) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 12 елді мекеннің (Жетісай – 1, Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су жүйелері қайта жаңартылады. 2023 жылдың қорытындысымен 833 елді мекеннің 738 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Previous Post

Рәміздер күні: Созақта 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Рәміздер алаңын салып берді

Next Post

Кентауда садақ атуға қызығушылар көбейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz