Кентау қалалық жастар ресурстық орталығында «Садақ ату» үйірмесі жұмыс істейді. Орталық мамандарының мәлімдеуінше, аталмыш үйірмеге қызығушылық танытып жатқан жастардың қатары күн санап артуда. Әсіресе, мектеп оқушылары садақ атудың ережелерімен танысып, оны қалай ату керектігін үйренуде белсенді.
Айта кетейік, мұнан бөлек қалада 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Биыл Б. Саттарханов атындағы БЖСМ аумағына 250 орынды спорт кешенін салу жоспарланған. Қазіргі таңда 54,0 млн. теңгеге нысанныңжобалық сметалық құжатыәзірленуде. Ал, келер жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылында 300 орынды мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге бюджетке өтініш берілді. Жоба құны – 1,4 млрд теңге.



