4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Осы атаулы датаға орай Кентау қаласындағы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әлеуметтік желіде «Менің туым — менің Отаным» атты тақырыпта челлендж жариялап көк туымыздың әрқашан да биіктен желбірей беруін тіледі.
Челленджді алғашқылардың бірі болып Қарнақ ауылы әкімінің аппараты жалғастырды.
Сонымен қатар, осы мерекеге орай Кентау қалалық орталық кітапханада «Туған жерім менің – Қазақстаным» атты тақырыпта форум ұйымдастырылды. Шарада еліміздің тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен жеңістері сараланды. Оның дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында атқарылып жатқан шаралар да кеңінен баяндалды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары бүгінгі саяси жағдайдың тұрақтылығы, яғни оның халықтың бірлігі мен ынтымағы жөнінде әңгімеледі.



