Түркістан облысы – электр қуатына тапшы өңірлердің бірі. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.
Өңірімізде тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жайлы айта кетсек. Мәселен, Ордабасы ауданындағы 57 елді мекеннің31 елді мекен электр қуатымен толық қамтылған, 25 елді мекенде ішін ара желілер жаңартылған,
1 елді мекеннің электр жүйелері толығымен жаңартылуда. Тұрғындарды сапалы электрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 99 пайызға жетті.
Айта кетейік, былтыр 3 елді мекенге 3 млрд. 097 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде 2942 абонент электр қуатына қосылып, көрсеткіш 99 пайызға жетті. Ал, биыл Шұбарсу ауылының электр желілері толығымен жаңартылып, нәтижесінде 5893 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрады. Сонымен қатар, 2023 жылға 2 жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жолданып отыр.



