Кентау қаласында 99 308 халық тұрады. Қала аумағы 52,7 мың га құрайды. Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Былтыр Ащысай ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге 75,8 млн.теңге бөлінген болатын. Тиісті құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде елді мекендер тәулігіне 24 сағат 100 пайыз сумен қамтылып отыр.
Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен «Шұғыла» мөлтекауданы №6, №7, №8 көшелерінің сыртқы сумен қамту желілеріне 2022 жылы 119,9 млн. теңге, 2023 жылы 13,3 млн.теңге қаралып, жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 377 жеке тұрғын-үй ауыз сумен қамтылатын болады.
Кентау қаласы кәріз жүйесімен 78 пайыз қамтылған, 124,2 шақырымды құрайды, тозуы 90 пайыз. Кәріз жүйесіне қосылған абонент саны – 14 152.Кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 173 млн.теңгеге келісім шарт түзіліп, облыстық бюджет есебінен 100 млн.теңге бөлінді. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленді. «КАЗЦЕНТР ЖКХ» АҚ келісімдеуге ұсынылды. Жоба «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ» АҚ (БЖЗҚ) қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде қала тұрғындары 100 пайыз кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Кентау қаласында биылғы жылға су төмендету жүйесін салу жоспарланған. Осы бағытта қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын да айта кетейік. Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында «Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу» екі кезеңнен тұратын жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Жобаның негізгі мақсаты, Кентау қаласы аумағында жер асты суларының деңгейін төмендете отырып, Түркістан қаласының су нысандарына су жеткізу.
Кентау қаласын су басудың алдын алу бойынша жобалаудың екінші кезеңі төрт дербес жұмыс жобасын қамтиды. Біріншісі, қолданыстағы авариялық штольняны жою және жаңа штольняны ұңғылау немесе қолданыстағы штольняны реканструкциялау болса, екіншісі «Қосқорған» су қоймасына тасқын суларды бұру үшін Хантағы өзенінде су торабын (Гидроузел) салу.
Мұндағы мақсат Хантағы өзенінде тасқын суларды ұстау және бұру, осылайша Мырғалымсай кен орнының жер асты суларының қазбаларына сүзілу және құламаудың алдын алу болып табылады. Ал, үшіншісі, «Ырмақсу» су қоймасындағы тасқын суларды бұру үшін Қызылата өзендерінде су торабының құрылысы, Баялдыр өзеніндегі қолданыстағы су торабын реконструкциялау. Төртіншісі, арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суын ішінара пайдалану.
Осындай шаралардың нәтижесінде Кентау қаласының жер асты суларының су деңгейін төмендету арқылы төтенше жағдайдың алдын алу және Хантағы, Байылдыр өзендеріне су торпатарын салу арқылы, аталған жобаның I-кезеңінде көзделген жоғарғы дебетті сорғылардың жұмыс істеу мерзімін азайтып, су сорғыларын күтіп-ұстауына және электр энергиясын үнемдеу көзделген. Қосымша Кентау және Түркістан қалалары аймақтарын суармалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.