gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында туризм саласы дамып келеді

5 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында туризм саласы дамып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Ресми статистикалық деректерге сүйенсек, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста туристік бағытта 220 орналастыру орны жұмыс істеді. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда (204 бірлік) 107,8%-ға артқан. Сонымен қатар, облыс аумағындағы орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 253 454 адамды құрады, аталған көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда (206 398 адам) 122,7% — ға артты. Оның ішінде, ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 245 667 адамды құрап (2021 жыл – 205 047 адам) 119,8%-ға артса, кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 7787 адамды құрап (2021 жыл – 205 047 адам) 576,3%-ға артты.Өз кезегінде, 2022 жылдың қорытындысымен орналастыру орындарында келушілерге 461 137 төсек-тәулік ұсынылған, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 116,3%-ға артқан (396 470 төсек-тәулік). Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,0 млрд.тг-ні құрап, өткен жылмен салыстырғанда 131,5% — ға артты (3,8 млрд.тг.).«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне бір күндік келушілер саны 805 383 адамды, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне  бір күндік келушілер саны 420 064 адамды құрады.

Ал, енді 2023 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша айтар болсақ,  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне бір күндік келушілер саны 203 394 адамды құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,3%-ға (177 905 адам) артып отыр. Сонымен қатар, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне  бір күндік келушілер саны 71 895 адамды құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,8%-ға (68 567 адам) артып отыр.

Қазіргі уақытта ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылғы 4 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 8,1 млрд.тг-ні құрады.  Қазіргі уақытта облыс аумағында іске асырылатын туристік инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Облыс аумағындағы жобалар пулына сәйкес 2023-2024 жылдарға жалпы сомасы 41,691 млрд. теңгеге 18  туристік инвестициялық жобалар құрылысы жүргізілуде.Атап айтқанда, 30 бөлмелі қонақ үй, 100 бөлмелі қонақ үй, «Medina Palace» қонақ үйі, «Отау» ойын-сауық орталығы, Фитнес-клуб, мұз айдыны, сияқты жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар, Түркістан облысы республиканың сауықтыру туризмі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.Қазіргі уақытта облыс аумағында 72 емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру ұйымдарының нөмірлік қоры 7940 төсек-орынды құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы емдеу-сауықтыру орындарында 142,4 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 121,3% — ға өсті (117,4 мың адам).

Айта кету керек, Түркістан облысындағы емдеу-сауықтыру туризмі әлеуетінің басым бөлігі Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында орналасқан. Облыс аумағындағы 72 емдеу-сауықтыру орнының 51-і немесе 70,8% Көктерек кентінде жұмыс істейді.Жыл сайын елді мекендегі емдеу-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2019-2022 жылдар аралығында 16 емдеу-сауықтыру ұйымы пайдалануға берілді. Тартылған инвестициялар көлемі 1,6 млрд.теңгені құрады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 2 емдеу-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

Экологиялық туризм бойынша айтар болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи объекттерге келушілер саны 74 970 адамды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 171,8%-ға артқан. Оның ішінде, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркіне – 68350 адам, «Қаратау» қорығына – 461 адам, «Ақсу-Жабағылы» қорығына – 2356 адам, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркіне – 3803 адам келген.

2023 жылдың 4 айының қорытындысымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 40 006 адамды құрап отыр. Қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақтар мен маршруттар құрылған («Сайрам-Өгем» – 11, «Қаратау» – 2, «Ақсу-Жабағылы» – 10, «Сырдария-Түркістан» – 7).«Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында эколгиялық туризмді дамыту мақсатында 22,0 га жер телімі қарастырылған. Аталған аумақта 2 туристік маршрут құрылған. Маршруттың жалпы ұзыдығы – 44 шақырым. Маршрут бойында 14 ақпараттық стенд, 16 жол көрсеткіш, 9 орындық, 10 қоқыс орны, 4 әжетхана, 1 шолу алаңы жабдықталған.

Айта кетейік,бүгінде Кентау қаласынан  «Қаратау» МТҚ-на дейін жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Хантағы ауылынан «Қаратау» МТҚ-на дейінгі 8 шақырым жолға тасжол төселді. Жоба құны – 101,05 млн.тг-ні құрады. «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағының 11,7 % немесе 17519 га жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 га 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген. Жер пайдаланушылар есебінен парк аумағында 6 демалыс үйі, 1 аңшылар үйі, 2 киіз үй жұмыс атқарады.

Сонымен қатар, былтыр «Сайрам-Өгем» МҰТП-не дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төлеби ауданы Қасқасу ауылынан «Сайрам-Өгем» МҰТП-не дейінгі жалпы ұзынығы 11,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны – 542 млн.тг.

Бүгінде облыста жағажай туризмін одан әрі дамыту мақсатында «Шаға» жағажайының маусымдық ашылуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытытындағы жұмыстар жүргізілуде және жіті бақылауда. Атап айтқанда, жағажай аумағында құтқару мұнарасын, ақпараттық тақтайшаларды орнату жоспарлануда.

Түркістан облысының негізгі туристік нысандарында (Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығы, Отырар мұражайы, Ақмешіт үңгірі, Үкаш ата кесенесі, Ақсу-Жабағылы МТҚ, Сайрам-Өгем МҰТП және т.б.)
қоқыс жәшіктері орнатылған.        Бүгінгі таңда Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығының аумағында 8 ақылы және 1 тегін (визит-орталық ғимаратында) санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылған. Санитарлық тазалауды аталған санитарлық – гигиеналық тораптарды басқаратын жеке компаниялар жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығы аумағында 1016 қоқыс жәшігі орнатылып, «Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қоқыс контейнерлері мен аумақты санитарлық тазартуды жүзеге асыруда. Өңірдің басқа да туристік нысандарында өз аумақтарындағы санитарлық — тазалық жұмыстарымен айналысатын мекемелермен келісім-шарт түзу арқылы арнайы кестеге сәйкес жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығында орналасқан Яссауи кесенесі, туристерді қабылдау орталығы, Ұлы дала елі орталығы, Керуен – Сарай туристік кешені, Күлтөбе қалашығы, этноауыл, санитарилық-гигиеналық тораптар және т.б туристік нысандарға бағыт-бағдар көрсететін 100-ге жуық навигациялық жол сілтегіштер орнатылған. Қазіргі таңда аталған жол сілтегіштерді толықтыру және жетілдіру жұмыстары жоспарлануда.

Previous Post

Төлеби ауданында 29 елді мекендегі көшелердің электр желілері мен трансформаторлары ауыстырылуда

Next Post

Кентауда ауылдарды ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz