gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда электр желілері жаңаруда

1 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда электр желілері жаңаруда
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген. Абонент саны 25 мың, тұтыну мөлшері-15 мВ/күн. Жалпы трансформаторлардың саны – 346 дана.

Республикалық бюджеттен «Шұғыла» мөлтекауданындағы №6, №7, №8 көшелердегі электр желілерін ауыстыруғабылтыр 147,1 млн. теңге, биыл 16,3 млн.теңге (жалпы құны 163,4  млн. теңге) бөлінді. Нәтижесінде 377 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Қарнақ ауылы «Дүйім-Тума», «Қанайұлы», «Маклик» учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымын салу» нысанының жалпы сметалық құны 154,0 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына 2022 жылы 137,0 млн. теңге, 2023 жылы 17,0 млн.теңге қаралған. Нәтижесінде 488 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ және Құсшы-ата елді мекендерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл жалғасын табуда.

Жалпы Түркістан облысы – электр қуатына тапшы өңірлердің бірі. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.

 

Previous Post

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады

Next Post

Сервистік тәсілдің тиімділігі айтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz