Қала бойынша жалпы ішкі жолдар 268 көше, 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальт 175 көше немесе 77,3 пайызды, қиыршық тас 88 көше немесе 19,0 пайызды және топырақ 5 көше 3,7 пайызды құрап отыр.
2022 жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, ішкі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 9,4 пайызға өсіп, 86,7 пайызға жеткізілді. Атап айтқанда, 46 көше жөндеуден өткізілді.МЖӘ (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары аралығында 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында –80,7 млн теңгеге Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Биыл 308,5 млн.теңгегеосыжоба аясындаХантағы және Ащысайауылдарында 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы субвенция есебінен 259,2 млн. теңгеге қаланың 7 көшесі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылы 242,3 млн.теңгеге қаланың 3 көшесін, 4,8 шақырым жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, республикалық бюджеттен, «Шұғыла» мөлтекауданының көшелеріне былтыр 164,5 млн. теңге, биыл 642,8 млн.теңге қаралған.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.
Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.
Қазіргі таңда облыста жол жөндеу жұмыстары қапрқынды түрде жүргізілуде. Айталық, Кентау қаласы мен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аралығында салынып жатқан жол аяқталуға жақын. Кенді шаһардан облыс орталығына барар жол 26 шақырымды құрайды. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Айналма жол биыл пайдалануға берілмек. Айта кетейік, Кентау қаласында бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.
Реті келгенде тілге тиек ете кетейік, Кентауда көшелерді жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жалпы құны 127,8 млн. теңгеге 85 көшеге 1270 дана жарық шам, 200 дана жарық бағаналар орнатылды. Нәтижесінде қала көшелерінің жарықтандырылуы 90%-ға жеткізілді.2023 жылы Кентау қаласының барлық көшелерін толық жарықтандыру жоспарлануда.
Бүгінде Кентау қаласында 66 аялдама бар. Оның 37-сі айналы аялдама болса, қалғаны ағаштан және темірден, бетон мен шлакоблоктан жасалған.Қаладағы айналы аялдамалардың басым көпшілігі түрлі жағдайларға байланысты бұзылып, айналары жарамсыз күйге түскен. Бұл жағдайды қайта қалпына келтіру барысында мекеме тарапынан сметалық құжаттама даярланып, бюджеттік өтінім беріліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы конкурс жарияланды. Биыл 37 аялдама жаңартылады.
Сонымен қоса, Кентау қаласындағы қоқыс полигоны толықтай қоршауға алынады. Қала ішіндегі 75-тей бөлікте орналасқан қоқыс жәшіктерінің алаңшасын заманауи қалыптармен қоршауға алу жұмыстары атқарылмақ.
Кентауда тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету бағытында да атұарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқтала кетейік, Жалпы «Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Жылу қуаттылығы-126 Гкал/сағ.Орталықтандырылған жылуға қосылған 14 мың абонент бар, оның ішіндебюджеттік мекемелер саны – 108, жеке тұрғын үйлер саны – 2295, көпқабатты тұрғын үйлер саны – 346, коммерциялық нысандар саны — 441. барлығы100 % жылу жүйесіне қосылып жылумен қамтамасыз етілді.
2023-2024 жылдар аралығында жылыту маусымында № 5 ЖЭО-ның 6,6 шқ магистралдық құбырларды және 4 дана насос станцияларын қайта құруға 2,1 млрд тг бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.8 дана қазандықтарды (№ 5,6,7,8,9,10,11,12), магистралдық құбырларды, подстанцияны (ОРУ, ЗРУ) және ішкі орам жылу желілерін қайта құруға жобалық сметалық құжат әзірленуде.