Келес ауданында 83 елді мекеннің 51-і табиғи газ жүйелерімен қамтылған. 6 елді мекен экономикалық тұрғыда тиімсіз болып табылады. Атап айтқанда, олар: Бозай ауыл округіне қарасты Тартоғай, Шолантөбе елді мекендері, Бірлік ауыл округіне қарасты Мәдениет, Құрөзек, Коммунизм елді мекендері,Жамбыл ауыл округіне қарасты Байғабыл елді мекені.
Өңірде 27 елді мекен тұрғындары «көгілдір отынмен» қамтылмаған. Оның ішінде 12 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленген. Аталған елді мекендердің ішкі жүйелерінің жобалық сметалық құжаттарына түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Атап айтар болсақ, олар Бірлік ауыл округіндегі Жанатіршілік, Бірлік, Қосөткел, Үшағаш елді мекендері, Ошақты ауыл округіндегі Бақшысай, Ынталы,Саттаров, Қаратал, Атақоныс, Жиделі елді мекендері, Ұшқын ауыл округіндегі Достық, Қоралас елді мекендері.
Ағымдағы жылы елді мекен тұрғындарының «көгілдір отынмен» қамту көрсеткіші 66,2 пайызды құрады. Қазіргі таңда Абай ауылындағы «Абай» АГТС-нің қуатын күшейту құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Алдыңғы жылы құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп аяқталып, қабылданған 10 нысанды бүгінгі таңда табиғи газ жүйесіне қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облыстық филиалымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жеткізуші газ құбыры мен Аманжар елді мекені атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) тапсырылып, талон номерлері алынып, табиғи газ жүйесіне қосылды. Жамбыл-2, Бәйтерек, Қарабура елді мекендерінің атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) әзірленіп, газ шаруашылығы мекемесінде тексеру жұмыстары жүруде.
Құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, қазіргі танда табиғи газ жүйесіне қосылды елді мекендерді айта кетейік. Олар Біртілек ауыл округіндегі Жолбасшы, Көлтоған, Дмитров, Керегетас, Еңбекші, Амангелді елді мекендері.
Облыста 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл 516 елді мекенді (62%) табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген.