gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданы жыл соңына дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

11 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданы жыл соңына дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби ауданында 2023 жылдың соңына дейін табиғи газбен қамтылғандар санын 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қасқасу ауылдық округіне қарасты Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерін табиғи газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы 67,11 шақырым ПЭ құбыры, 8,0 шақырым темір құбыры тартылып, 800-ге жуық ГРПШ орнатылды. Бүгінде қосымша 105 үйге ГРПШ қойылуда. Мердігер мекеме – «Azia RS» ЖШС. Аталған төрт елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары өткен жылы басталды.
Бұдан бөлек, аудан орталығы – Ленгір қаласына қарасты Күмістөбе, Кенші көшесі, Достық елді мекенінің Астана көшесі, Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе және Қорған көшелері, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіне жалпы 13,8 шақырым газ құбыры тартылып, 118 ГРПШ қойылды. Қазіргі таңда құбырларға сығымдау жұмыстары атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарын аяқтау тамыз айына жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінде аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен толық қамтылған.
Previous Post

Келес ауданында елді мекен тұрғындарының «көгілдір отынмен» қамту көрсеткіші 66,2 пайызды құрады

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Жосықсыз мердігерлерге шара қабылдау қажет»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz