Балалар үшін ең қуанышты мереке қаламыздағы «Ынтымақ» алаңында аталып өтті.Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы А.Басаров құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тіледі.
Қала әкімдігінің қолдауыменерекше балаларға арналып мерекелік дастархан жайылды. Қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаз болған балапандарға сыйлықтар үйлестірілді. Осы күні қалаға қарасты ауылдарда балалар арасында түрлі спорттық шаралар өткізілді.
Дәл осындай шара Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының алдында да өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламада қаламыздың балабақша бүлдіршіндері қатысып, өз өнерлерінін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Мұнда қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін жеткізді.
Шара барысында «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Оқушылар үйінің қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмеге қойылып, келушілердің назарына ұсынылды. Шара соңында партия филиалының төрағасы Арман Басаров балаларды мерекемен құттықтап, кішкентай қолөнер шеберлерін түрлі номинациялар бойынша марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Осы күні Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ауыл жасөспірімдері арасында бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жарыс нәтижесінде жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, Хантағы ауылында да балаларға арнап үлкен іс-шара ұйымдастырылып, онда мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қамқорлық көрсетілді. Хантағы ауылы әкімі аппаратының қарамағында 5 мүмкіндігі шектеулі балаға қарау үшін арнайы мамандардың бекітілгені айтылды.



