gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында ауызсу мәселесі оң шешімін тауып келеді

5 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында ауызсу мәселесі оң шешімін тауып келеді
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби ауданында ауызсу мәселесін шешу бағытында кешенді жоспарлар құрылып, 50-60 жыл тұтынудан тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Бүгінде аудандағы Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бейнеткеш елдімекеніне 23 шақырым ауызсу құбыры тартылып, 133 құдық орнатылып, сыйымдылығы 300 метр кубты құрайтын су қоймасы салынды. Мердігер — «Строй Жол Сервис» ЖШС мекемесі. Елдімекенді таза ауызсу құбырына қосу жұмысы осы жылдың шілде айына жоспарланған. Сондай-ақ, резервуар аумағын абаттандыру, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Зертас елдімекеніндегі су құбырының құрылысын жүргізуші мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і тарапынан 52 шақырым су құбыры тартылып, 351 құдық қойылып, сыйымдылығы 1200 куб метрді құрайтын су қоймасы салынды. Құрылыс жұмыстары биылғы шілде айына дейін жалғасып, нәтижесінде 5970 тұрғын, 986 абонент ауызсумен қамтылмақ.
Бұдан бөлек, Керегетас елдімекеніне 27 шақырым су құбыры жүргізіліп, сыйымдылығы 300 куб метрді құрайтын су қоймасы орнатылды. Су қоймасының маңайын абаттандыру ісі аяқталғаннан кейін 158 абонент ауызсуға қосылады. Сонымен қатар, Нысанбек елдімекенінде де ауызсу құрылысы аяқталуға жақын. 22 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, 300 куб метрді құрайтын резервуар орнатылды. Қазіргі кезде жобаға ілінбей қалған 10 үйге ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау бойынша мердігер мекемемен келіссөз жүргізіліп, шілде айында 170 абонент таза сумен қамтылады деп көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Ленгір қаласын сапалы ауызсумен қамту бағытында Көктерек су тазалау имаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 2200 куб метр резервуар, су тазарту құрылғысы орнатылды. Химиялық тазалаудан шыққан кәріздік суын төгетін көлемі 100 куб метрді құрайтын септик құйылып, имарат маңы қоршалып, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары қолға алынған.
Previous Post

Кентауда «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Құрғақ есепке құрылған баяндама кімге керек?»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz