gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарлық шаруалар бидай алқабын кеңейтіп, суды үнемдемек

9 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарлық шаруалар бидай алқабын кеңейтіп, суды үнемдемек
Share on FacebookShare on Twitter
Соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің төмендігінен өңірімізде ағын су жетіспеушілігі байқалуда. Аталған мәселе шаруаларға егін егуде тиімді жолдарды қарастыру қажет екенін көрсетіп отыр.
Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында шаруаларды қажетті ағын сумен толық қамтамасыз ету жыл сайын өзекті мәселеге айналып келген еді. Онсыз да ағын суды көп қажет ететін қауын, жүгері, жоңышқа секілді егістіктерден мол өнім алу мүмкіндігі аз екені айтпаса да түсінікті жайт. Осы жағдайларды ескере отырып, аудан әкімі С.Сұлтанханов суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынған болатын.
Аталған жайтқа байланысты отырарлық диқандар биыл жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 га алқапқа күзгі бидай егуді қолға алған болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған диқандар өнімді алдағы бірнеше күн ішінде толық жинап бітірмек.
Тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің дихандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.
Осы мақсатта аудан әкімі Сәкен Асылханұлы бидай алқабына арнайы барып, шаруалардың жай-күйімен танысты. Бидай шығымын көзбен көрген аудан басшысы шаруаларға ризашылығын жеткізіп, ауыл округіндегі басқа да диқандарды ағын суды аз қажет ететін егістікпен айналысуға шақырып, алдағы уақытта туындауы ықтимал мәселелерді талқылады. Бастама көтерген аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізген диқандар осы жылы алға қойған мақсаттары толық орындалса, бидай алқабын одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін жеткізді.
Previous Post

Мақтааралдағы тазалық жұмыстарына сын айтылды

Next Post

Дархан Сатыбалды Жетісайдағы өзекті мәселелерді шешуге уақыт берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz