gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Жетісайдағы өзекті мәселелерді шешуге уақыт берді

9 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды Жетісайдағы өзекті мәселелерді шешуге уақыт берді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданының активімен көшпелі мәжіліс өткізді. Құнарлы жерімен, еңбекқор тұрғындарымен әйгілі аймақтың өткір мәселелерін ашық талқылап, ауданды дамыту жөнінде кеңесті. Өз саласы бойынша индикаторларды орындай алмай жүрген басшылар мен жауаптыларға жұмысты сапалы атқару керектігін айтты.
Көшпелі мәжілісте аудан әкімі Серік Мамытов ауданның даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары бойынша баяндады.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамыту барысындағы кемшіліктер мен мәселелерге тоқталды. Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, ішкі өнім, инвестиция салаларындағы көрсеткіштер төмен. Денсаулық сақтау және білім саласы ғимараттарының жай-күйі де сынға ілінді.
Егін шаруашылығының нақты көлемі индексі де кеміген. Ірі қара мал, қой басында өсім байқалмайды. Осыған байланысты өңір басшысы тарапынан Жетісай ауданы әкімдігіне «Ауыл аманаты» бағдарламасын талапқа сай жүзеге асыру, жылыжайлар шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенінде жұмысты ширату тапсырылды.
– Тек бюджетке байланатын заман өтті. Жан- жақты болу керек. Мәселені өздігінен шешіп, инвесторларды көптеп тартуды күшейту керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге, мемлекеттік қызметшілерге нақты міндеттер жүктеді. Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелей, мемлекетшіл-реформатор болуды, аймақтарды жан-жақты дамытуды тапсырды. Тазалықты сақтауға, ғимараттарды күтіп-ұстауды қолға алу керек. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, өндіріс орындарын ашу керектігін айтты. Осы бағыттар бойынша жұмысты жандандыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімі аудандардағы ішкі жолдарды стандарттауды, бірыңғай талапқа сай салуды жүктеді. Сапасын арттыруды міндеттеді. Бюджеттің жергілікті кірістерін, түсімдерін арттыру жөнінде де нақты тапсырма берілді.
Ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын күшейту, жер дауларын шешу және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, міндеттер жүктелді.
Аудан жұмысын саралауға бағытталған мәжіліс отырысы бойынша нақты тапсырмалар берілді. Келесі жиналыста олардың орындалуы пысықталады. Нәтижесі шығарылады. Жауапты сала басшыларына шара көріледі.
Previous Post

Отырарлық шаруалар бидай алқабын кеңейтіп, суды үнемдемек

Next Post

Дархан Сатыбалды Жетісай ауданындағы проблемалық нысандардың қазіргі жағдайымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz