gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдени күндері қорытындыланды

1 июля, 2023
in Жаңалықтар, Мәдениет
0
Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдени күндері қорытындыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сарыағаш ауданының гала-концерті өтті. Салтанатты шараны аудан әкімі Арман Абдуллаев ашып берді.
– Баршаңызды Түркістан облысының 5 жылдығымен құттықтаймын! «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамытып, жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, аймақтардан шыққан өнер майталмандарын көпшілікке танытары сөзсіз. Осы орайда Сарыағаш ауданының концертін бірге тамашалауға шақырамын, – деді Арман Айдарұлы.
Концерттік бағдарлама «Еркетай» би тобының орындауындағы «Туған өлке» экспозициясымен басталды. Аталмыш шарада танымал тұлғалардың бірі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», әнші Медеу Арынбаев, Дархан Абсұлтанов, Ташкент қаласында өткен халықаралық «Жаз жұлдыздары» балалармен жасөспірімдер байқауының Гран-при иегері Айша Уалихан, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі, Сапаховтар отбасылық ансамблі, «Еркетай» би тобы, «Мейрам» тобы, «Шашбаулым» би тобы өнер көрсетті. Цирк өнерінің майталманы, тұңғыш жыртқыш аң үйретуші қазақ қызы Жанат Қалыметоның қызы өнер көрсетіп, көпшілікті тамсандырды. Халықтық драма ұжымының сахналауындағы «Бастаңғы» театрландырылған көрінісінде жеңге мен қайны арасындағы әдемі қалжың мен әсерлі әндер айтылды. Ал аудан әншілерінің орындауындағы «Түркістаным – Тұраным» әні кешті қорытындылады.
Бұған дейін Этноауыл аумағында «Асыл мұра» атты қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесінен бастау алған ауданның мәдениет күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тамсандырған болатын. Рухани-мәдени шара аясында ұлттық салт-дәстүр мен ғұрыптардан көріністер көрсетілді. Сонымен қатар терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалды. Ал асық ату, ләңгі тебу, жаяу тартыс пен хан алшыдан сайыстар өткізіліп, шетелдік туристердің қызығушылығын тудырды. «Сарыағаш сыйы» атты ауданда өндірілген өнімдер мен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңке-көрмесі өткен еді.
Previous Post

Бәйдібек ауданында елдімекендердің жолдары жаңартылып жатыр

Next Post

Түркістан қаласында «Ашық WI-FI» желісі қай аумақтарда орнатылған?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz