Аудан орталығындағы М.Әуезов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл — үлкен көшелердің бірі.
Жол сапасын тексеру барысында аудан әкімінің коммуналдық салаға жауапты орынбасары Бағдатбек Жанғазиев бірқатар сын-ескертпелер айтып, бөлім басшысына бақылауға алуды тапсырды. Мердігер мекеменің басшыларына асфальт төсеу барысында сапасына мән беруді ескертті.
Жалпы М.Әуезов көшесінің бірқатар аумағының ені 3 метрге кеңейтіліп, жаңадан суағарлар орнатылған.
Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында елдімекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елдімекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді.