gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында жаңа массивтерге ауыз су құбыры мен газ тартылуда

4 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында жаңа массивтерге ауыз су құбыры мен газ тартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында 5 елді мекеннің (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр,Қаратөбе, Қайнар) инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізуге 248 млн. теңге қаржы бөлінді.Дәл қазіргі таңда өңірдеосы 5 елді мекендегі жаңа массивтерге инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда.

Мәселен, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жаңа массивтерге 16,4 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 92 дана құдық қойылды. 278 электр бағанасы орнатылып, 8,1 шақырым электр желілелері жүргізілді. Аталған массивті табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында 8,781 шақырым газ құбыры тартылып, екі есептегіш құралымен 133 дана, бір счетчикті 22 ШРП орнатылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін 255 отбасына жер телімі үлестіріледі.

Ал, Қаратөбе елді мекеніндегі жаңа массивтен 302 жер телімі бөлінеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда ауыз су құбырлары жүргізіліп, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қайнар елді мекеніндегі жаңа массивке 12,4 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 65 дана құдық қазылды. Қазіргі уақытта электр жүйелері жүргізіліп, табиғи газ құбырларын тарту үшін конкурс өткізілуде. Жаңа массивтен 165 отбасына жер телімі бөлу жоспарлануда. Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массив арқылы 170 жер телімі беріледі деп күтілуде. Аталған массивке ауыз су, электр жүйелері тартылып, 2,4 шақырым орташа қысымды газ құбыры жүргізілді.

Сонымен қатар, Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы жаңа массивті электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 850 дана электр бағанасы орнатылып, 9 дана трансформатор қойылады. Қазіргі таңда автокөлік жолдарының құрылысын жүргізуге, ауыз су құбырларын тартуға конкурс ұйымдастырылуда.

Реті келгенде айта кетейік, биылдан бастап өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты сала мамандарына жүктеледі.

Previous Post

Бәйдібекте асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды

Next Post

Кентаудағы жылу энергия орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz