Жақында Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Құтарыс ауылдық округінде болып, өзекті болып отырған «Мұсабек» каналының «Ақсу» өзенінен бастау алатын жеріне шлюз орнату және «Авангард» учаскесіндегі мәселелерімен танысты.Аралауға аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, ауылдық округінің әкімі М.Керімбеков ауыл имамы мен тұрғындар қатысты.
Ауыл округінің әкімі М.Керімбеков «Мұсабек» каналы арқылы Ақарыс елді мекені аумағында орналасқан 52 шаруа қожалықтың 130 гектарға жуық суармалы жерлері мен 282 тұрғын үйдің жеке қосалқы шаруашылығы үшін үйіргелік жер телімдері ағын сумен қамтамасыз етілетіндігін жеткізіп, алайда олардың шілде-тамыз айларында «Ақсу» өзенінің су деңгейі төмен түсіп кетуіне байланысты аталған каналға су шықпай, каналдың өзен арнасынан бастау алатын жеріне шлюз қоюды қажет ететіндігін айтылды.
Аудан әкімі Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» ШЖҚ МКК-мен бірлесе жұмыс атқарып, мәселені заң аясында шешу керектігі бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма берді.Аудан әкімі «Авангард» учаскесіндегі мәселелер бойынша барды. «Авангад» учаскесінде 19 тұрғын үй бар, тұрғындар саны — 103. 2022 жылы арақашықтығы 6 шақырым келетін Ақарыс елді мекенінің көшесі ретінде облыстық және аудандық мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген.
Ондағылар ауыз су мен электр энергиясын Ордабасы ауданына қарасты «Аққойлы» елді мекенінен алады. Қазіргі таңда учаске ішіндегі ауызсу жүйесі мен электр бағаналары және сымдарына жөндеу жұмыстары қажет етіледі. Газ құбырын тарту мәселесі Ордабасы ауданы арқылы шешілу жолдары қарастырылуда екені айтылды.
Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Қасымбек Датқа ауылындағы Жаңақұрылыс аумағындағы 5 (бес) ішкі көшелерге аудандық бюджет қаржысы есебінен 1.494.079 теңге бөлінген болатын. Ол қаржыға тас төсеу жұмыстары атқарылып, Жаңақұрылыс аумағындағы ішкі көшелерге инфрақұрылым жүйелерін кезең-кезеңімен бюджет қаржысының мүмкіндігіне қарай атқару мақсатында, қазіргі уақытта аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Жаңақұрылыс аумағына аудандық бюджет есебінен ауыз су жүйелерін жүргізу жұмыстарына қажетті ЖСҚ дайындалып жатыр.
Аудан әкімі аталған мәселелерді алдағы уақытта тағыда пысықтап, ең өзекті дегендерін алғашқыда, қалғандарын кезең-кезеңімен шешу керектігін айтты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде өңірімізде осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Айталық, ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында өңір басшысы Дархан Сатыбалды облыста ауыз су, газ жүйелері жаңартылатынын айтты.
— Бүгінгі таңда өңірде орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетіп, қамту деңгейі 86,4%-ды құрады (2 025 мың адам немесе 95,6%). Биыл 18 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынады, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады. 465 елді мекенге газ жүргізіліп, қамту деңгейі 56%-ды құрады (1 537,6 мың адам немесе 72,6%). Биыл 68 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 57 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, өткен жылы 2 нысан пайдалануға берілді. Олар:
1. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы (Сыйымдылығы 18 млн. м3). Нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік берді.
2. Түркістан магистральды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 млн. текше метр су үнемделді.
Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасуда, — деді облыс әкімі.
Айта кетейік, биылдан бастап өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді.