gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жастар форумы» аясында креативті жастарға арналған «Кентау келбеті» атты сайыс өтті

6 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Жастар форумы» аясында креативті жастарға арналған «Кентау келбеті» атты сайыс өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қолдауымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен ерекше форматта «Жастар форумы» өтті.
Аталған форум аясында «Кентау келбеті» атты жастар арасында 4 бағыт бойынша сайыс ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар мобилография, блогерлік, фотография және модельдік салаларынан сынға түсті.
Креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрі талантты жастарға арналған алаң құруды мақсат еткен жобаға 60-қа жуық жас қатысты.
Жобаның мақсаты — Кентау қаласының табиғатын, тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін, келбетін жастар арқылы көрсету және жастардың достық қарым-қатынасын нығайту, жобаның 4 бағыты бойынша үздіктерді анықтау.
Қатысушылар Кентау мен оның айналасындағы ауыл-аймақтарды аралап, керемет локацияларды көрсете отырып қаланың сұлулығын көрсетуге тырысты. Фотографтар модель арқылы қала бейнесін көрсетуге жұмыс істесе, блогерлер өтіп жатқан форум мен қаладағы көрікті жерлер жайында ақпаратты жазып та, айтып та жеткізді. Мобилографтар Кентау туралы тартымды идеяға толы бейнероликтерді түсірді.
Сайысқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Абдыраймұлы, қала белсендісі, жоба авторы Гүлжан Серікқызы, мобилограф Есімхан Абдығаппар, «Түркістан Аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Назерке Абылайхан әділ қазылық етті.
Нәтижесінде “Үздік блогер” номинациясы бойынша 1-орынды Мұқан Айжан, 2-орынды Беисембиева Салтанат, 3-орынды Мөлдір Бекеева, 4-орынды Ермекбаева Арайлым иеленді. Ал “Үздік модель” номинациясы бойынша 1-орынға Сыздықова Аида, 2-орынға Сауранбекова Арай, 3-орынға Дәурен Дәрібаев, 4-орынға Талгат Искаков лайық деп танылды. “Үздік фотограф” номинациясы бойынша 1-орынды Қойшыбаев Мұхамедәлі жеіп алса, 2-орын Бұрқан Ақеркеге, 3-орын Әбдіқадырова Гүлімге, 4-орын Исмаилов Қуанышбекке бұйырды. “Үздік мобилограф” номинациясы бойынша 1-орынды Ыдырысов Әли, 2-орынды Аманбай Ерсін, 3-орынды Нұрділдә Ерсін, 4-орынды Қаныбек Дәулет иеленді.
Шара барысында қала әкімі Жандос Тасов барлық марапат иелерін арнайы құттықтап, саланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ форумға қатысқан әр қатысушыға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Previous Post

Төлеби ауданында 59 көше жөндеуден өтеді

Next Post

Төлебиде электр станциясы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz