Біз айтып отырған жылдамдықты асыру мен жауапсыздықтың соңы жантүршігерлік жол апаттарының басты себебі болып табылады. Жылдамдықты асырып жүруді әдетке айналдырған жүргізушілердің жауапсыз әрекеттерінің салдарынан елімізде күн сайын қаншама жол-көлік апаты орын алуда. Айдын-күннің аманында талай жан мүгедек болып қалса, енді бірі өмірмен қош айтысуда.
Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жақында Кентау қаласында «Автобус» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өтті. Жол көлік оқиғаларын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және бір-бірінен жасырысып, басып озуға әрекеттену, қарсы келіп жол айырысу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдері қойылмаған жерлерден өту секілді жәйттарының алдын алуды көздеген шараның маңызы зор деуге болады.
Жергілікті полиция қызметкерлері осы шара аясында қала ішіндегі қоғамдық көліктер мен қала аралық көліктерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Жалпы жолды жөндеуге болады. Жол қауіпсіздігінқамтамасыз ететін заңнаманы жетілдіру де алдағы күннің еншісіндегі шаруа. іс. Алайда, «темір тұлпар» тізгіндегендердің тәртібі түзелмей, жылдамдықпен ойнаған жүргізушілердің желігі басылмай, әр жүргінші өз жауапкершілігін жете түсінбей жағдайдың оңға басуы қиын екенін айта кетуіміз керек. Бұл қоғамымызда жүргізуші мен жүргінші мәдениетінің төмендігінің көрінісі.
Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 17 пайызға өскен. Жыл басынан бері жол-көлік апатынан 5 айда 80 адам көлік апатынан қайтыс болған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27 пайызға өскенін көрсетеді. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мәлімдеуінше, «Қорғау» жүйесі Түркістан облысында да жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе арқылы анықталған заң бұзушылықтарға орай 341 адам жүргізуші құқығынан айрылған. Сонымен қатар, жалған нөмірмен жүрген 28 көлік анықталған. Жалпы 3000 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.



