gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жол салу және жөндеу жұмыстары қарқын алды

14 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жол салу және жөндеу жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы Төле би көшесі мен Әл-фараби қиылысындағы 480 м құрайтын жол көлік қатынасына қайта ашылатын болады. Қазіргі таңда аталған көшенің қыру жұмыстары басталды. Жақында қала әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.

Сонымен қатар, қаладағы И.Тайманов, Н.Камалов, Ш.Құдайбергенов көшелерінде де қыру жұмыстары бастау алған. Қала әкімі тиісті мердігер мекемелерге жұмысты уақытылы әрі сапалы атқаруын тапсырды. Әр құрылыс өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Жалпы, ағымдағы жылы Кентау қаласындағы 19 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселетін болады. Айта кетейік, бүгінде қала бойынша жалпы ішкі жолдар 268 көше, 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальт 175 көше немесе 77,3%, қиыршық тас 88 көше немесе 19,0% және топырақ 5 көше 3,7% құрап отыр.

2022 жылдың қорытындысымен ішкі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 9,4 % өсіп, 86,7 % жеткізілді. Атап айтқанда, 46 көше жөндеуден өткізілді.МЖӘ (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары аралығында 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында –80,7 млн теңгеге Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

2023 жылға308,5 млн.теңгегеосыжоба аясындаХантағы және Ащысайауылдарында 7 көшеге  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы субвенция есебінен 259,2 млн. теңгеге қаланың 7 көшесі жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы 242,3 млн.теңгеге қаланың 3 көшесін, 4,8 шақырым жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен, «Шұғыла» мөлтекауданының көшелеріне –  2022 жылы 164,5  млн. теңге,2023 жылы 642,8 млн.теңге қаралған.

Жалпы қазір Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Өңірімізде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

 

Previous Post

Шомылу маусымы – қауіп пен қатер

Next Post

Қазығұрттық өнерпаздар шырқаған патриоттық рухтағы әндер көптің көңілін серпілтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz