Суға шомылу маусымы басталып кетті. Оқушылар мен студенттер демалысқашықты.Демалысты есте қаларлықтай етіп өткізу үшін олар міндетті түрде табиғат аясына барып, суға шомылуды жоспарлайды. Дегенмен, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін олардың бірі білсе, екіншісі біле бермейді. Және оны сақтамайды. Жастар тұрмақ, ес тоқтатқан үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне мән бере бермейді. Соның салдарынан әр түрлі оқыс жағдайлар орын алып жатады.
Айтайын дегеніміз, жазғы шомылу маусымы басталғалы бері Кентау қаласында қалалық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің мамандары мен полиция қызметкерлері күн сайын адамдардың, әсіресе жас балалардың суға кету жағдайларына жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, қалаға қарасты Ащысай, Қарнақ, Хантағы және Байылдыр елді мекендердегі демалыс аймақтарына демалуға келген азаматтарға табиғатты қорғау, тиым салынған аймақтарда суға шомылуға болмайтыны, қауіпсіздікті сақтау туралы парақшалар таратылуда. Сонымен қатар, жолда жол ережелерін қатаң сақтауды, алкогольді ішімдіктер ішіп көлік құралын басқаруға болмайтынын қатаң ескертуде.
Аталған сала мамандары негізінен қала тұрғындары мен қонақтарына тек арнайы жабдықталған бассейндерге баруы қажет екендігі ескертеді. Ал, жабайы су көздерінде шомылуадам өміріне қауіпті екенін айтады.
— Суға мас күйде шомылу және суға жүзу кезінде өзінің күшін асыра пайдаланудың соңы орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі ықтимал. Ал өрт немесе түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігі хабарланады. Қандай да бір төтенше жағдайларға жол бермей, сақтық шараларын сақтау өз қолдарында екенін ұмытпаулары керектігін ескертеміз, — дейді сала мамандары.
Орайы келгенде судағы қауіпсіздік ережелері туралы айта кетейік.
— Суға абайлап кіріңіз.
— Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз.
— Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
— Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда — сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз;
— Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;
— Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;
— Мас күйде суға шомылуға болмайды;
— Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар;
— Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз;
— Суда тентектікке жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар;
— Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды;
— Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;
— Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер;
— Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз;
— Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.
Сонымен қатар, жүзу құралдарын қолданғанда тыйым салынатын жағдайларды да айта кетейік.
- Иесіз және техникалық ақаулы қайықтарды пайдалануға;
2. Құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығуға;
3. Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге;
4. Ішімдік ішкен күйде серуендеуге;
5. Ересектердің қарауынсыз 14 жасқа дейінгі балалардың жеке серуендеуіне;
6. Қайықтың борттарында және алдыңғы герметикалық бөлігінде отыруға,
7. Жүзіп келе жатқанда орын ауыстыруға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға;
8. Қайықтан, катамараннан және т.б. тікелей суға түсуге;
9. Жүзу құралдарымен моторлы кемелерге жақындауға;
10. Түнгі уақытта жүзу құралдарын пайдалануға.
Ал, енді «суға батқан адамға қандай көмек көрсетеміз?» деген сұраққа келсек. Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын:«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет. Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек адам табылады. Сондай-ақ, суға батқан адамды құтқару кезінде мынадай үш тәсілді ескер керек.
1.Қолтығынан ұстап сүйреу:
2. Құтқарушы суға батушыны қол астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.
- Шашынан сүйреу:
Суға батқан адамды бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып, кез келген тәсілмен жүзу. Мәселен, шынтағынан жоғары ұстап сүйреу;
Суға батқан адамды артынан екі қолынан ұстап артқа қарай тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір қырымен жүзу;
Егер де зардап шегушінің тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін мынандай әрекеттерді жасау керек.
- Зардап шегушінің басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс. Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз.
- Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек.
- Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді.
- Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек.
- Жасанды тыныс беру мен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады.
- Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).
- Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ескірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ.
- Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.



