gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Түркістан облысына қарасты елді мекендердегі 200 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді

14 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Түркістан облысына қарасты елді мекендердегі 200 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын іске асыру үшін Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Онда негізгі мақсаттардың бірі ауылдардың әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту болды. Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 743,6 шақырым жол мен көшеге, сондай-ақ, 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Оған бюджеттен 28,4 млрд. теңге бөлінді.

Реті келгенде тарқата айтып кетейік, биыл облыстық маңызы бар 424,6 шақырым жол мен 2 көпір, аудандық маңызы бар 94,4 шақырым жол мен 3 көпір, сондай-ақ, елді мекендердегі 220 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді.

Жалпы, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы – 17 487,8 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар 723,1 шақырым жолдың 94,8%-ы, жергілікті маңызы бар 5 755,1 шақырым жолдың 89%-ы, елді мекендердегі 11 009,6 шақырым жолдың 62%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Дәл қазіргі таңда өңірімізде жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда.Кентау қаласы мен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аралығында салынып жатқан жол аяқталуға жақын. Кенді шаһардан облыс орталығына барар жол 26 шақырымды құрайды. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Айналма жол биыл пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Кентау қаласында бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Сауран ауданындағы Түркістан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы «Құмкент–Шолаққорған–Ащысай–Р–31» автомобиль жолының құрылыс да қызу жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталған болатын. Нысанды оcы жылдың қазан айында тапсыру жоспарланып отыр. Жоба құны – 1,9 млрд. теңге. Автомобиль жолының ұзындығы 31,3 шақырымды құрайды.

Сауран ауданына қарасты Кентау қаласы Құсшы ата елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолының да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр басталған құрылысты 2023 жылдың маусым айында аяқтап, жолды пайдалануға беру жоспарланған. Автомобиль жолының ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды.

Жалпы өңірімізде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады. Ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

Бүгінде өңірімізде инфрақұрылым мәселесі қатаң бақылауға алынып отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарымен кездесулерде қозғалған өтініштер бойынша тиісті мекемелерге бірқатар тапсырмалар беріп келеді. Соның бірі осы жол салу мәселесі байланысты. Қазіргі таңда облысқа келетін күре жолдардың барлығы бүгінде күрделі жөндеуден өткізілуде. Маңызды жобалардың қатарында Түркістан–Шәуілдір бағытындағы жол бар. Жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар осы автомобиль жолына бүгінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлініп, кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Атап айтсақ, Түркістан–Шәуілдір I учаске (11,4 шқ), Түркістан–Шәуілдір II учаске ( 17,7 шқ), Түркістан–Шәуілдір III учаске (17,6 шқ), Түркістан–Шәуілдір IV учаске (17,4 шқ).
Бүгінгі таңда, Шәуілдір елді мекенінен Түркістан қаласы бағытына қарай 35 шақырым (III-IV учаске) аралықта жолды кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында жол бойындағы су өткізгіш құбырлар және көпірлер қайта құрудан өтіп, жолдың ені 2 жолақтыдан 4 жолақтыға кеңейтілуде. Яғни жолдың ені 8 метрден15 метрге дейін ұлғаяды.

Қайта құру жұмыстарын III учаскеде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС және IV учаскеде «Отау-Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов жуырда осы аталған нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын, сапасын қадағалау мақсатында мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен нысандарды аралап, бұл нысанның облыс басшылығының назарында тұрғанын мердігерлерге жеткізді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, облыс әкімі өңірлердегі тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп, олардың талап-тілегін орындауға баса көңіл бөліп келеді. Мәселен, Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар тарапынан ауыз су, көшелерге жарықшамдар орнату, жерді әділ бөлу, мектепке қосымша ғимарат салу және өзге де мәселелері көтерілген болатын.  Өңір басшысы ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екендігін жеткізді.

– Тұрғындар тарапынан көтерілген ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі өте өзекті. Біз жуырда Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледік. Осы жоспарға сай ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті 2 есеге арттыру көзделген. Жұмыс орындарын ашу бағытындағы шараларды да күшейтіп жатырмыз. Аудан әкімдері бюджет қаражатына ғана сенім артпай, инвестиция тарту жұмыстарын жандандырулары керек. Тұрғындар аулаларын таза ұстап, көкөніс, гүл егіп, аймақты көгалдандыруға, тазалығын сақтауға үлес қосқандары жөн. Қазығұрт ауданы тұрғындарымен былтырғы кездесу нәтижесінде көтерілген мәселелер бүгінде шешімін тапты. Солардың бірқатарына тоқталсам, Тұрбат ауылдық округінен 200 орынды «Ақпарақ» мектебі пайдалануға берілді. Облыстық маңызы бар КХ-44 Жігерген–Көкібел автомобиль жолын орташа жөндеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Тұрбат ауылдық округі, Өндіріс елді мекеніндегі 8 көшені орташа жөндеуге 430 млн. теңге қаралды. Оның бәрі биыл қазан айында пайдалануға тапсырылады. Ақбура бұлақ көзіне, ауыз су қоймасының құрылысына қосымша қаржы қаралды. Қазығұрт ауданын дамыту жұмыстары бәсеңдемейді, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Облыстық басқармалар мен департамент, құқық қорғау мекемелерінің басшылары да тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарымен танысты. Түскен өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.Қазығұрт ауданында былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге артты. Аудан әкіміне 2023 жылы бұл көрсеткішті арттыру міндеті жүктелді. Ауданда жұмыспен қамту картасы бекітіліп, былтыр 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, «Еңбек» бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

2022 жылы Еңбек және Атбұлақ елді мекендеріндегі бірнеше көше тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 86,8 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді. Биыл Шанақ және Ақжар елді мекендерін газдандыруға қаржы бөлінді. 62 елді мекеннің 61-і электр жүйесімен қамтылған. 2022 жылы 12 елді мекенге қаржы бөлініп, сапалы электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. 2023 жылы 10 елді мекенде электр қуаты жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 407,4 млн. теңге қаралған.

Аудан бойынша ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 59-ға жетіп, қамту көрсеткіші 95,1 пайызды құрады. Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276,0 млн. теңге бөлініп, бүгінде жұмыстар басталып кетті. Қызылдихан елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары да қолға алынған.

Бюджеттен бөлінген 1,2 млрд. теңгеге 102,9 шақырымды құрайтын 28 аудандық маңызы бар жол және ішкі жолдарға 2022-2023 жылдар аралығына жоспарланған орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, 2023 жылы Қақпақ ауылдық округі, Қақпақ елді мекеніндегі 9 көшені орташа жөндеуге 434 млн. теңге қаралды. Жұмыстар биыл аяқталады деп межеленген.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аудан, қала әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына жолдардың сапасын жақсартуды, жөндеу жұмыстарын жіті бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Жақында осы тапсырмаға орай Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов аймақтағы жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізіп, сапасын көзбен көріп қайтты.

Аудан халқына ыңғайлы жағдай туғызу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді. Мәселен, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыра отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға 2023 жылға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 983,5 млн. теңге қарастырылып отыр.

Өткен жылы аудандағы жол жөндеу жұмыстарына 1 418,2  млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көше орташа жөндеуден өтті. Жетісай ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд. 111,1 млн. теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин (Жылы су), Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көше орташа жөндеуден өткізіледі.

 

Previous Post

Сауранда 12 елді мекенде жер асты суына зерттеу жүргізілуде

Next Post

Шомылу маусымы – қауіп пен қатер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz