Бүгінде Кентау қаласында жалпы ішкі жолдар 268 көше, 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальт 175 көше немесе 77,3%, қиыршық тас 88 көше немесе 19,0% және топырақ 5 көше 3,7% құрап отыр.
2022 жылдың қорытындысымен ішкі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 9,4 % өсіп, 86,7 % жеткізілді. Атап айтқанда, 46 көше жөндеуден өткізілді.МЖӘ (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары аралығында 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында –80,7 млн теңгеге Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2023 жылға 308,5 млн.теңгеге осы жоба аясында Хантағы және Ащысай ауылдарында 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы субвенция есебінен 259,2 млн. теңгеге қаланың 7 көшесі жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы 242,3 млн.теңгеге қаланың 3 көшесін, 4,8 шақырым жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен, «Шұғыла» мөлтекауданының көшелеріне – 2022 жылы 164,5 млн. теңге,2023 жылы 642,8 млн.теңге қаралған.
Жақында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала сыртында орналасқан қоқыс полигонына барып, онда жүріп жатқан жұмысты бақылады. Қазіргі таңда мұнда полигонның айналасын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек қоршау жұмыстары атқарылмақ.
Одан кейін Жандос Тасов Төле би көшесінің жалғасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына барды. Онда жүргізіліп жатқан құрылыс барысын бақылап, сала жетекшілеріне жолдың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.Сондай-ақ қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Н.Камалов көшелерінде бастау алған жол құрылысын аралады. Сол маңайдағы тұрғындармен кездесіп, айтылған ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінде аталған көшелерде жоспарланған жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, ағымдағы жылы қаладағы 19 көшеде жол құрылысы жұмыстары атқарылып, асфальт төселетін болады.Жалпы қазір Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Өңірімізде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.



