Кентауда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жаппай қалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты бөлім және мекемелер, қоғамдық жұмыс қызметкерлері үлес қосты. Наурыз айынан бастау алған сенбілік әлі күнге дейін жалғасуда. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, қаланың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына 5 техника мен 280 аса адам жұмылдырылып, 9,5 тонна қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды.
Ондағы мақсат – қаланы таза әрі көрікті қалпын сақтау. Тазалық шарасы әр сенбі де жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша жалпы халық саны 99 308 адам, қала аумағы 52,7 мың гектарды құрайды.Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Жалпы халықтың 37,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 5,9% құрады.
Бүгінде Кентау қаласында 324 көпқабатты тұрғын үйлердің 56 ауласы бар. 2020-2021 жылдары 7 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңшалары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жергілікті бюджеттен 110,0 млн.тг қаржы бөлініп, 4 аулаға «стрибол-воркаут» ойын және спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.33 ауланың жобалау сметалық құжаматталары әзірленіп, оған қажетті қаржы анықталды.



