Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд. көшет отырғызу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында жұмыс талапқа сай жүріп жатыр. Жақында облыс әкімі аппаратында өткен апталық отырыста Түркістан өңірі мен облыс орталығын көгалдандыру, абаттандыру, жасыл аймақтарды көбейту, көшелерді тазалау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды егілген көшеттерді күтіп-баптауды, абаттандыру және тазалық жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.
– Аппараттан бекітілген инспекторлар өздері жауапты аудан, қалаларды аралап, жағдайды көзбен көріп шықсын. Тазалық, нысандарды күтіп ұстау, абаттандыру, жарықтандыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған өзге де жұмыстарды тексерсін. Арнайы қаржы бөлінген соң атқарылған жұмыс та сапалы болуы тиіс. Саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау, қаланы суландыру, көгалдандыру, тал-дарақтар егу, құрылыс жұмыстары қатаң қадағаланады. Санитарлық тазалық шаралары да талапқа сай жүруі тиіс. Саябақтарға тексеру жүргізіліп, егілген ағаштар саны жоспардағы көрсеткішпен салыстырылсын. Егер жоспардан аз егілген болса, жауапты мердігер мен әкімдіктер кемшілікті жоюы қажет, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Осыған орай, жақында Кентау қаласы әкімдігінде өткен жиында алдымен әр сенбіде өтетін тазалық жұмысының барысы талқыланды. 2023 жылғы дала өрттерінің және суға шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жазғы демалыс айларында балалардың бос уақытын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру, ағымдағы жылдың 4 айына жоғары және жергілікті органдардан келіп түскен хаттар және арыз-өтініштердің орындалуы, облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.
— Жалпы сенбілік барысында жиналған қоқыстарды алып кету жұмыстарына «Группа Интеко» ЖШС тарапынан 2 техника, «Жасыл қала» КММ тарапынан 2 техника, «Кентау Сервис» МКК тарапынан 1 техника, «Ащысай су» МКК тарапынан 1 техника жұмылдырылып, қаланың полигонына шамамен 34 тонна қоқыс шығарылған. Жалпы сенбілік жұмыстарына мекемелер тарапынан 300-ге жуық адам қатысты, — деді қалалық ТҮКШ және ТҮ бөлім басшысының орынбасары Д.Оспанов.
Сонымен қатар, жиында тазалық шарасына арнайы мониторинг жұмыстарының барысында анықталған кемшіліктерге қала әкімі Жандос Тасов тоқталып, ретке келтіру үшін сала басшыларына қатаң ескерту жасады.
Жыл басынан Кентау қаласында дала тоғайлы өрттер ретінде оқиға тіркелмеген. Өртке қарсы су жүйелері бойынша Кентау қаласында — 891, ауылдарда – 555 және объектілерде — 24 өрт гидранттары орнатылған. Аталған өрт гидранттарынан қаладағы 128-не маусымдық тексеру жұмыстары жүргізіліп, ақаулы 42 өрт гидранттары анықталған. Бүгінгі таңда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті мекемелерге хаттар жолданып, 40 өрт гидранттарына шартты белгілер орнатылған. Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Ф.Жолдасбеков мәлімдеді.
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі 2022-2023 оқу жылында оқушыларды жазғы лагерьмен қамту бойынша жоспарға сай жұмыстар атқаруда. Өткен яғни 2021-2022 оқу жылында қала сыртындағы лагермен осал топтағы отбасылардан шыққан 800 бала қамтылған болатын. Бұл қамтылудан бөлек мемлекеттік квотамен республикалық қордан бөлінетін қаржыға сабақ үлгерімі жақсы қоғадық жұмысқа белсене араласатын белсенді және өнерлі 150 бала қала сыртындағы лагерьмен қамту жоспарланып отыр.
Жалпы биыл облыста облыста 40 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерьлернде демалады деп жоспарланған болатын. Оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін барады. «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1050 бала республикалық оқу-сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылады делінген.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, қала сыртындағы лагерьлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мектептер жанынан бір мезгіл тамақпен қамтитын 330 лагерь ашылды. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 110 мыңға жуық бала көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына қатысуда. Облыста биыл 17 жазғы сауықтыру лагері (7 – мемлекеттік, 10 – жекеменшік) қызмет көрсетуде.
Жазғы сауықтыру лагерьлерінде спорт алаңдарын, балаларды дамыту орталықтарын жабдықтау, сондай-ақ, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша шаралар көбейтілген. Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларсауықтырумен, жазғы демалыспен барынша қамтылуда. Бұған ірі кәсіпорындар мен бизнес өкілдерін тарту көзделген-ді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осыған орай барлық лагерьге полиция қызметкерлерін бекітіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын қатаң жүргізілуде. Мемлекеттік және жекеменшік жазғы сауықтыру лагерьлерінде санитарлық талаптардың сақталуы да қадағалауда.
Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың мәлімдеуінше, оқушыларды лагерлерге тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайы толық тексеріледі. «Абайлаңыз, балалар!» тақтайшасы автобустың алдыңғы және артқы жақтарына жапсырылып, көліктің доңғалақтары және техникалық жағдайы талапқа сай болуына баса назар аударылады. Автобуста қаралған орындықтардан артық балаларды отырғызуға болмайды және де қосымша жүргізуші міндетті түрде болуы тиіс.