gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келестік шаруалар әр гектардан 90 тонна өнім алуды көздеп отыр

30 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келестік шаруалар әр гектардан 90 тонна өнім алуды көздеп отыр
Share on FacebookShare on Twitter
Келес өңірінде көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті. Қазіргі таңда мол өнім алу мақсатында егістік алқаптарды тазалау, жер жырту, тұқым себу және суару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданның еңбекқор шарулары жергілікті халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, кәсіптерінің жемісін көруде. Солардың бірі – келестік шаруа Өмірзақ Мақсат. Ол үш жылдан бері пияз егіп, табысын еселеуде. Шаруа Жаңадәуір ауылында орналасқан 2 гектар суармалы жеріне өткен жылдың тамыз айында пияз өнімін қондырған. Биыл маусым айының басында еккен өнімін саудалауға дайын отыр. Шаруа мол өнім алуда кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ түретінін айтып өтті.
– Пияз егумен үш жылдан бері айналысып келеміз. Өнімнің тұқымын көрші өзбек елінен алдырамыз. Олар Кореядан дақылдарды арнайы алдырып, сұрыптап, саудалап отыр. Биылғы еккен пиязымыздың сорты «Пассад» деп аталады. Бұл сұрып ұзақ күнде дайын болуымен ерекшеленеді. Есесіне өнім мол алынады. Өткен жылдың тамыз айында тұқымын жетілдіріп, қазан айында көшет қылып отырғыздық. Қысымен қардың астында жатады. Көктемде өңдеу жасалып, өнім алуға дайындаймыз. Өнімді еселеу үшін түрлі сыналған дәрумендер қолданылады. Нәтижесінде пияз еккен шаруалар гектарынан 80-90 тоннаға дейін өнім жинайды, – дейді шаруа.
Айта кетейік, биыл Келес ауданында 27 мыңнан аса аумаққа егін егілсе, оның 11 мыңға жуық жеріне бақша, көкөніс өнімдері егілген. Жалпы өткен жылы шаруалардың тынымсыз еңбегінінің арқасында аудан бойынша 458 359 тонна өнім өндірілді.
Previous Post

Аппарат жиынында келелі мәселелер қаралды

Next Post

Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz