Көрсеткіштерден өсімді көруге болады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыста өнеркәсіп өнім көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бағытындағы жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында өңірде 209,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ды құрады.Облыстағы тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 89 млрд. теңге болса, өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,4%) өнімінің нақты көлем индексі 110 пайыз немесе өнім көлемі 97 млрд. теңгені құрады.
Кентау қаласында өнеркәсіп өнім көлемін арттыру бағытындағы шаралар ойдағыдай атқарылып, соның нәтижесінде 2023 жылдың 5 айында жалпы өнім көлемі 25,6 млрд. теңге болып, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,1 пайызды құрады.2022 жылдың бұл көрсеткіш 21,5 млрд. теңге болатын.
Айта кетейік, бүгінде өңірде өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындардың есебінде болып отыр. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айтар болсақ, өнеркәсіп кәсіпорындар 17913,0 млн.теңгенің өнімін өндіріп, (2022 жылы 5 айға15508,3 млн. теңге) нақты көлем индексі 92,9 пайызды құрады.Оның ішінде сумен жабдықтау көлемі 468,2 млн. теңге, нақты көлем индексі 189,1 пайызды, электрмен жабдықтау, газ беру көлемі 1621,7 млн. теңге, нақты көлем индексі 108,6 пайызды, кен өндіру өнеркәсібінде 209,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 15613,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 89,3 пайызды құрады.
Ал, өңдеу өнеркәсібі бойынша айтар болсақ, тамақ өнімдерін өндіруде 405,0 млн.теңгенің, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіруде 11,1 млн.теңгенің, машина жасау ісінде 14413,1 млн.теңгенің өнімі өндірілді.Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда «Кентау Трансформатор заводы» АҚ тарапынан заттай көлемде трансформатор бөлшектері азаюына байланысты машина жасау саласының нақты көлем индексі азайған. Ірі кәсіпорындар статистикалық деректерді ай сайын, шағын кәсіпорындар тоқсан сайын тиісті мекемелерге тапсырып отырады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру азайды. Неге?
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірімізде өнеркәсіп өнім көлемін арттыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарты күшейтуге баса көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер көңілге қонымды. Айталық, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 16,9 млрд. теңгені (100%), мал шаруашылығы 100,2 млрд. теңгені құрады (101,2%). Облыста 55,8 мың тонна ет (тірідей салмақта), 160,8 мың тонна сүт, 57,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ал, Кентауда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2081,6 млн.теңге болып, (2022 жылы 5 айға 2150,1 млн. теңге) нақты көлем индексі 84,7 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 1821,4 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 83,2 пайызды (үлесі 87,5%), өсімдік шаруашылығы 260,2 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 100,0 пайызды%, (үлесі 12,5%) құрады.
Сонымен қатар, 3749,0 тонна сүт өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 79,2 пайызды құрады (2022 жылыдың 5 айында – 4734,0 тонна).Ет (тірідей салмақта) 793,1 тонна болып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88,2 пайызды құрады (2022 жылыдың 5 айында –899,6 тонна).Жұмыртқа 444,0 мың дана болып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызды құрады (2022 жылыдың 5 айында –412,8 мың дана).
Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мал басының азаюынан және «ES-MARYA»ауылшаруашылық коперативінің өндірген сүт өнімдерінің азаюынан ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индесі төмендегенін аңғаруға болады.
Инвестиция өңір әлеуметін көтереді
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс экономикасын дамытуға 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,4 пайызды құрады.
Жалпы аймаққа инвестиция тартылған жағдайда бірінші кезекте жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады. Сондықтан да, инвестицияны өңір әлеуетін дамытатын бірден-бір көрсеткіш деуге болады.
Кентау қаласы бойынша айтар болсақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі2654,4 млн.теңгені құрады (61,0%) (2022 жылыдың 5 айында орындалуы 4197,0 млн. тенге). Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен346,2 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен147,0 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 124,9 млн.теңге, басқада қаражат есебінен – 36,3 млн теңге. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2022 жылы 5 айға – 4197,0 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 383,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 304,6 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 3420,1 млн.теңге,басқада қаражат есебінен – 89,4 млн теңге.
Сонымен қатар, қалада 2023 жылдың 5 айында өткізілген тауар көлемі 3197,4 млн.теңге, нақты көлем индексі 101,4 пайызды құрады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2022 жылыдың 5 айында бұл көрсеткіш 2747,1 млн. тенгені құраған болатын.
2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 6700, іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6533 бірлікті құрап отыр. Ал, 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4643, іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4548 болатын.
5 айда тапсырылған тұрғын үйдің жалпы алаңы 7177 шаршы метрді құрады
Кентауда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 7177 шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,5%-ды құрады. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 7177 ш.м пайдалануға берілді. Ал, 2022 жылдың 5 айында тұрғындар есебінен 10186 ш.м пайдалануға берілген болатын.
2023 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 2429,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 215,4 пайызға артқанын көруге болады. 2022 жылдың 5 айындақұрылыс жұмыстарының көлемі 1113,6 млн. теңгені құраған болатын.
Бюджет кірісі көбейді
Кентау қаласы мен оған қарасты болған ауылдардың 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі жоспардағы 6538,8 млн теңгенің орнына 6789,5 млн теңгеге немесе 103,8 пайызға орындалды.Жеке табыстың (кірістердің) орындалуы125,6 пайызды құрап, жоспарлы 979,1 млн теңгенің орнына 1229,8 млн теңге түсті.
Ал, Кентау қаласы мен оған қарасты болған ауылдардың 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша бюджеттің шығыс бөлігі қаржыландыру жоспарындағы 7655,8 млн. теңгенің орындалуы 7601,1 млн теңге, яғни 99,3 пайыз болып, оның 54,6 млн теңгесі игерілмеді (объективті 8,7 млн теңге, субъективті 45,9 млн теңге ).