gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыдағы 4 елдімекенге таза ауыз су жеткізу үшін құбыр тартылып жатыр

13 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыдағы 4 елдімекенге таза ауыз су жеткізу үшін құбыр тартылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жұмыс сапарымен Бадам ауылдық округінде болып, құрылысы жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Атап айтар болсақ, Ордабасы және Дербес ауылдарындағы ауызсу құбырын тарту жұмыстарын көрді.
Бүгінде Ордабасы ауылына «Ордабасы тарихи-өлкетану қорығынан» ауызсу желісін жүргізу қолға алынған. Қазіргі таңда ұзындығы 2 шақырым болатын траншея қазылып қойылған және қазу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ диаметрі 110 мм болатын 3,5 шқ полиэтилен құбыр жабыстырылып, жинақталған. Одан бөлек су мұнарасының іргетасы құйылып қойылған. Жалпы, ауызсу желісінің құрылысы аяқталған жағдайда Ордабасы ауылына іргелес жатқан Ұзынбұлақ, Баянбұлақ, Қылышбұлақ және Таңбалыбұлақ ауылдары орталықтандырылған ауызсумен қамтылады. Қазіргі таңда Мамыр елдімекенінен тартылатын ауыз су ұңғымасы қазылып бітіп, Ордабасы ауылына су құбыры жүргізіліп жатыр.
Осы орайда, 3,5 шақырымға су құбыры жүргізіліп, дәнекерлеу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары толықтай аяқталса, 1000-ға тарта тұрғыны бар ауыл таза сумен толықтай қамтылады.
Естеріңізге сала кетсек, аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы аталған ауыл тұрғындарымен кездесуде осы мәселе көтерілген болатын. Аудан әкімі мәселені дер кезінде шешу үшін аудандық «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсырма берген болатын.
Сондай-ақ сапар аясында аудан әкімі Дербес ауылында құрылысы жүріп жатқан фельдшерлік-акушерлік тіректің жай-күйімен де танысты. Аталған нысан бірер айдан кейін ел игілігіне берілмек.
Сапар соңында Бадам а/о әкімдігінде аудан әкімінің төрағалығымен көшпелі мәжіліс өтіп, онда ауылдық округте жүргізіліп жатқан жұмыстар сараланды. Жауапты мамандарға, ауыл әкіміне нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді.
Previous Post

Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және алдын алу мәселелері талқыланды

Next Post

Сенат депутаттары Түлкібастағы әк зауытының жұмысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz