gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сенат депутаттары Түлкібастағы әк зауытының жұмысымен танысты

13 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сенат депутаттары Түлкібастағы әк зауытының жұмысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентіндегі әк зауытына ҚР Парламент сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев және аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен арнайы барып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.
Кездесуде әк зауытының өкілдері тарапынан өндіріс ошағын модернизациялау үшін қаражаттың жетіспейтіндігі айтылды. Олар осы жағдайға байланысты қолдау көрсетіп, тиісті шараларды қабылдауды өтінді.
Әли Бектаев бастаған депутаттар бұл мәселе бойынша жұмыстар атқарылып, тиісті мекемелер мен министрліктерге ұсыныс-хаттар жолданатындығын жеткізді. Сонымен қатар, депутаттар зауыт аумағында Түлкібас кенті халқымен еркін форматта жиналыс өткізіп, көптің көкейінде жүрген мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, заң аясында жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.
Әк зауыты кеңес одағынан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде тәулігіне 70 тонна әк өндіретін нысанда екі ауысыммен 90 адам жұмыс істейді. Аталған өндіріс ошағы биыл жалпы құны 500 млн теңгеге әк өндіру, суландыру және ұнтақтау жүйелерін іске қосу, қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, қосымша 100 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Previous Post

Ордабасыдағы 4 елдімекенге таза ауыз су жеткізу үшін құбыр тартылып жатыр

Next Post

Сарыағаш қаласындағы аялдамалар жаңартылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz