gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Акция аясында ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді

14 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Акция аясында ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан облысына 5 жыл толуына орай «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық Мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани-мәдени іс-шарасы қорытындыланды.
Рухани құндылығы мол шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір кітапханашыларымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Кітап — бұл білімнің қайнар көзі. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Өздеріңізге мәлім, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл жұртына айрықша қолдау көрсету керектігін атап өтті. Бұл орайда, жыл басында өңірімізде «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа — бес әдеби сапар» жобасы бастау алды. Аталған шара Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтарымен бөлісу, өңір тарихымен өзге облыс тұрғындарын жете таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Түпкі идеясы кітап оқуға бағытталған акцияға жас ұрпақтың келешегін ойлаған азаматтар зор үлестерін қосты», — деді Бейсен Дәулетұлы.
Жиында облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында белгіленген межеден асып, жалпы 26 мың кітап жиналғанын атап өтті. Сондай-ақ әдеби сапар шеңберінде «Киелі Түркістаннан — Шежірелі Таразға», «Киелі Түркістаннан — Арайлы, әсем Алматыға», «Рухани Түркістаннан – Елордаға», «Тарихи Түркістаннан — Қасиетті Қызылордаға», «Тұғырлы Түркістаннан — Шұғылалы Шымкентке» атауларымен еліміздің бас қалалары мен көршілес жатқан, тарихы тамырлас облыстарға өңірдің әдеби-мәдени жетістігі жан-жақты таныстырылғанын жеткізді.
Бүгінгі қорытынды шара барысында акция аясында жиналған кітаптар өңірдегі 17 аудан-қаланың кітапханаларына салтанатты түрде тарту етілді. Жоспарға сәйкес, әр аудан, қалаға 1500 кітаптан оқу үшін бөліп берілді.
Previous Post

Биыл Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 29 мектептің құрылысы басталады

Next Post

«Атамекен» кеден бекетінің маңында 600 жүк көлігіне арналған автотұрақ салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz