gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Атамекен» кеден бекетінің маңында 600 жүк көлігіне арналған автотұрақ салынады

14 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Атамекен» кеден бекетінің маңында 600 жүк көлігіне арналған автотұрақ салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан аумағында орналасқан «Атамекен» кедендік бекетінің құрылысымен танысты.
Жылдың басында құрылысы басталған нысанның бас мердігері — «NUCTECH COMPANY LTD» компаниясы, құрылысты жүргізіп жатқан — «Bazis Construction» ЖШС, техникалық қадағалаушысы — «Алатау сала құрылыс» ЖШС-і болса, құрылыс нысанын «Аркхон» ЖШС-і жобалаған. 2024 жылы құрылысы аяқталатын нысанның сметалық құны — 15,5 миллиард теңге.
Аудан басшысы нысанның жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес салынуын қадағалап, мердігер мекеменің басшылығымен кейбір мәселелер бойынша жиын өткізді. Кедендік бекет — көрші елден отанымызға кіретін алып қақпа болғандықтан, Бақыт Насырханұлы құрылысы жүріп жатқан нысанның абаттандырылуына да үлкен мән беру керектігін атап өтті.
Атакент кентіне жақын орналасқан кедендік бекеттің маңында бұған дейін жүк көліктерінің кептелістері жиі орын алып, кентке кіріп-шығатын жеңіл көліктер үшін қиындықтар тудырған болатын. Жаңа нысанның жобасы бойынша 600 жүк көлігіне арналған автотұрақ салынып, жүк көліктерінің кептелісі мәселеcі оң шешімін таппақ.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Атамекен» кедендік бекетінің маңына «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру да жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Мақтаарал-Дарбаза» темір жолы да салынғалы тұр.
Аталған жобалар іске асса өңірде өнеркәсіптік және сауда-саттық орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын көбейтуге жол ашылмақ. Мақталы өңірге инвесторлардың да үлкен қызығушылығы артатыны анық.
Previous Post

Акция аясында ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді

Next Post

Ордабасыда елдімекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz