gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өрттің алдын алу мақсатында 200-ден аса рейд жүргізілді

11 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Өрттің алдын алу мақсатында 200-ден аса рейд жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергенов айтты.
Бүгінде облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
«Жыл басынан бері өңірде екі орман өрті тіркелді. 12 маусым және 3 шілде күндері Ордабасы ауданындағы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне» 3,8 га орман алқабының жану жағдайы болды. Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап өртке жатпайтын жалпы көлемі 341 га 618 жану жағдайлары орын алды. Бұл дегеніміз, өрт қауіпті маусымның шарықтау шегіне жетіп тұрғанын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда 35% артқан. Бұл өрт есебіне жатпайтын жану жағдайлары адами факторлардың әсерінен орын алып отыр. Өртті болдырмау мақсатында облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылып, бүгінгі күнге дейін 203 рейд жүргізілді. Сонымен қатар, дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс тұрғындарына айтарым, кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер», — деді Асанғали Мадиханұлы.
Бүгінде өңірде орман дала өрттері болуы ықтимал 520 елді мекен бар. Оның ішінде 124 елді мекен орман қоры аумағына шекаралас орналасқан. Олар Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында.
Асанғали Мадиханұлы өз сөзінде облыс тұрғындарын табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндірусіз қалдырмау, сөндірілмеген шоқ қалдықтарын тастамау керектігін ескертті. Одан бөлек, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдырмауын және рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынатындығын жеткізді.
Өңірде жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 3 млн. 452 мың 755 га, оның ішінде орманды алқабы 2 млн. 405 мың 332 га, ормансыз алқабы 1 млн. 575 мың 039 га құрайды. Бүгінде жалпы орман шаруашылықтарында 22 өрт сөндіру автокөліктері мен 61 бейімделген қосалқы техникалары, 3 тонналық суы бар 45 тіркемелі бөшкелер, 45 мотопомпа, 398 өрт сөндіру құралдары, 1944 өрт сөндіргіш, 48 өрт бақылайтын биік мұнаралары және 252 адамды құрайтын ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірге өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген.
Previous Post

«Ұлттық ұланның» ғимараты биыл пайдалануға беріледі

Next Post

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz