gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр

11 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Өңір бойынша шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталған болатын. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында аудан, қала әкімдіктерімен және құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізу жалғасып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы м.у.а Оразбай Айтқұлов айтты.
Жауапты сала өкілінің сөзінше, жыл басынан бері өңірде 41 адамның суға кету фактісі тіркелген. Өкінішке қарай, олардың 80% — жас балалар. Талдау нәтижесі көрсеткендей, судағы қайғылы жағдайлардың басты себептері, ол халықтың және балалардың судағы қауіпсіздікті жете түсінбеуі.
– Мониторинг нәтижесінде, негізінен суға бату оқиғалары елдімекендердің ішінен және елдімекендерге жақын өтетін бетондалған каналдарда орын алып жатқандығын көрсетті. Бұл мәселе облыс әкімдігінің жіті бақылауына алынып, бетондалған каналдарға, арақашықтығы 500 метрді құрайтын қауіпсіздік баспалдақтарын және 4 метрден баспалдақтардың тұсына құтқару арқандары орнатылып жатыр. Одан бөлек, Жедел-құтқару жасағының сүңгірулерімен 4 орынның түбін тексеру бойынша жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, 16 азаматты қоғамдық құтқару бекеттеріне оқыту жүргізілді, — деді Оразбай Шерәліұлы.
Сонымен қатар, арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ аудандардың елдімекендерінде модульді-каркасты бассейндер сатып алынып, тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Тек, бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкерлердің қолдауымен өңірде 15 каркасты бассейн сатып алынып, ауыл әкімдіктері арқылы орнатылды. Одан бөлек, 33 жекеменшік стационарлы бассейндері бар кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, 4 181 әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын ақысыз суға шомылдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 790 бала жүзуге үйретілді.
Жалпы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудан, қалаларда 51 баннер, 15 280 адамның қатысуымен 314 рет халықпен кездесулер, 200-ге жуық мешітте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. БАҚ-та 1220 шығарылым ұйымдастырылған. Сондай-ақ, радиорубкалармен (базар, сауда орталықтарында) 437 және ЛЭД экрандарда судағы қауіпсіздік бойынша 369 рет бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ, өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 16 720 тұрғын үйді аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Осы орайда, үлкендердің қарауынсыз жүрген 80 бала ата-аналарына тапсырылды.
Previous Post

Өрттің алдын алу мақсатында 200-ден аса рейд жүргізілді

Next Post

Мақтааралдағы жаңа әкімшілік ғимараты шілде айының соңында пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz