gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірлік ғылымға қолдау көрсетіледі

27 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Өңірлік ғылымға қолдау көрсетіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Брифингте Ғылым департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев Түркістан өңірінде ғылым саласында өзекті мәселелерді шешуде жергілікті ғалымдардың рөлі жоғары екенін атап өтті.
– Соңғы жылдары елімізде ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарып, ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Мемлекет басшысы биылғы 12 сәуірде Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында «Заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу» деген болатын. Бұл орайда, Ұлттық ғылым академиясы өңірлік ғылымның дамуына белсене атсалыспақ. Біздің басты мақсатымыз – ғалымдарды, оның ішінде жетекші ғалымдарды жинап, оларға академия тарапынан қолдау көрсету. Сонымен қатар, еліміздегі басым бағыттар мен ғылымның нәтижелері бойынша ұлттық баяндаманы әзірлеу, ғылымды насихаттау, болжамдар жасау. Жас ғалымдарды дайындап, олардан мықты кадр шығаруды қолға алып жатырмыз. ЖОО-дары және зерттеу орталықтарымен бірлесіп, шетелдік ғалымдардың қатысуымен елдегі соның ішінде өңірлік ғылымды дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Руслан Ерғалиұлы.
Ал «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы Қуантар Әлиханов өңірлердегі басты проблемаларды анықтау мақсатында әртүрлі қалаларда ЖОО-дарының ғалымдарымен кездесу өткізуді қолға алғандығын жеткізді. Ол өз сөзінде ғылым мен өндірістің, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың байланысын арттыру керектігін айтты.
– Киелі Түркістанға өңірлік ғылымды дамыту мақсатында келіп, Қ.А.Ясауи университетінде жетекші ғалымдармен кездестік. Ол жерде өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстық. Алдағы уақытта ғалымдарды академия тарапынан қолдауға дайынбыз. Осы өңірдегі мәселелерді отандық беделді ғалымдардың нәтижелері арқылы сараптай отырып, оң шешілуіне ықпал жасаймыз. БАҚ өкілдері, сіздер де өңірдегі үздік ғалымдарды насихаттауға атсалысып, олардың еңбегін жарыққа шығарып, қолдау көрсетсеңіздер, – деп ұсынысын білдірді Қуантар Дәуленұлы.
Брифинг барысында «Білім және азаматтық қоғам» басқармасының басшысы Бекбол Батыржанұлы өскелең ұрпақ үшін ғылым саласында айрықша жол қалдыру керектігін және оған барлығы бірлесіп атсалысса жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын жеткізді.
Previous Post

Сайрам ауданында заңсыз мал сою орындары жұмысын тоқтатты

Next Post

Қытай инвесторлары Түркістан өңірінде мақта шаруашылығын дамытуға ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz