gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қытай инвесторлары Түркістан өңірінде мақта шаруашылығын дамытуға ниетті

27 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қытай инвесторлары Түркістан өңірінде мақта шаруашылығын дамытуға ниетті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында мақта өсіру үшін Қытайдың ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технология «ақ алтынды» егіп, теруге дейін өзі атқарады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық «Peng Sheng Group» басшыларымен кездесті. Компания көрші Өзбекстан елінде бірнеше ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда.
Бірегей жобаны облыстың оңтүстік аудандарында іске асыруды көздеген қытайлық инвесторлар мақта сапасы мен көлемі едәуір артатынына сенімді. Ол үшін тамшылатып суару жүйесі құрылғылары орнатылады. Жоба құны 46 миллион АҚШ долларын құрайды. Тараптар осы жобаны талқылады.
Сондай-ақ компания Түркістан облысында былғары өңдеу және ірі қара мал қалдықтарынан желатин өндіретін зауыт салуға дайын. Бизнес-жоспардың құны – 10 млн. АҚШ доллары. Шетелдік инвесторлар индустриалды аймақта жұмыс істеуге ниетті.
Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласына, қайта өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға ерекше басымдық беріп жатқанын атап өтті. Түркістан облысының ерекшеліктеріне тоқталып, жақында болған Қытай сапары нәтижесінде жүзеге асатын бірлескен жобалар туралы ой қозғады. Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екендігін білдірді.
– Сіздердің Өзбекстанның Сырдария облысында бастаған жұмыстарыңызбен танысқанмын. Керемет жобалар іске асырылған. Жақын арада біз облыстың делегациясымен Қытайда жұмыс сапарымен болдық. Ең ірі деген өндіріс алпауыттарының жұмысымен таныстық. Тәжірибе алдық. Енді соны іске асыруға мүдделіміз. Облыстың бес ауданының әкімдері де бірер күн бұрын Қытайдағы ірі өндіріс орындарында болды. Осы жұмыстар нәтижесі ретінде бүгінгі жобаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Тараптар инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын талқылады. Облыс басшысы Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды.
Өз кезегінде қытай инвесторы Түркістан өңірі мен облыс орталығының экономикалық даму бағытын жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бірлескен жобалардың әрі қарай да жалғасатынын атап өтті.
Previous Post

Өңірлік ғылымға қолдау көрсетіледі

Next Post

Отырарда сексеуіл алқабын ұлғайту арқылы құм көшкіні саябырсыды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz